Отбасы жағдайлары бойынша өзі әскери қызмет өткеретін жергілікті жерде оның отбасы мүшесінің медициналық көрсетілімдер бойынша тұруы мүмкін болмаған және оны жаңа әскери қызмет орнына ауыстыру мүмкіндігі болмаған кезде, отбасының басқа елді мекенге көшу қажеттілігіне байланысты әскери қызметші – жұбайының әскери қызмет орнын өзгерткен, тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтімге мұқтаж не бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толған немесе он сегіз жасқа толмаған адамдарға, заң бойынша аталған азаматтарды күтіп-бағуға міндетті басқа адамдар болмаған кезде, тұрақты күтім жасау қажет болған, әскери қызметші анасыз тәрбиелеп отырған он сегіз жасқа толмаған балаға күтім жасау қажет болған кезде әскери қызметтен мерзімінен бұрын шығарылуға құқығы бар
Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған немесе тағайындалған жағдайда, судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған жағдайда, әскери қызметтен мерзімінен бұрын шығарылуға құқығы бар.
Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің Заңға сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтініш берген адамдарды қоспағанда, отбасы жағдайының өзгеруі салдарынан әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе әскерге шақырудан босату құқығы туындаған, ҚР заңдарына сәйкес шетелге шығуға құқық берілетінін растайтын құжаттары болған кезде отбасы құрамында шетелде тұрақты тұрғылықты тұруға немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын отбасымен қосылу үшін кеткен жағдайларда мерзімінен бұрын қызметтен шығарылуға құқығы бар.
Қайтыс болған әскери қызметшi – қайтыс болған күні құжатпен расталған күннен кейiнгі келесі күннен бастап, ал сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған әскери қызметші сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап әскери бөлімнің тiзiмдерінен шығарылады.
Бұл ретте онымен жасалған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңі бойы қолданыста болады.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге əскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша не әскери бөлім штаттарының қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу жəрдемақысы еңбек сіңірген жылдары, күнтізбелік 10 жылдан аз болғанға, күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін, күнтізбелік 15 жылдан 20 жылға дейін, күнтізбелік 20 жылдан 25 жылға дейін, күнтізбелік 25 жылдан 30 жылға дейін, күнтізбелік 30 жылдан астам болғанға ақшалай қаражат төленеді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысы бұрын әскери қызметтен не Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткен соң немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысы – бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан болған аталған әскери қызметшіге бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Жауынгерлік іс-қимылдарға, терроризмге қарсы және (немесе) бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының орденімен (ордендерімен) марапатталған әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшері ақшалай қаражаттың екі айлықақысына ұлғайтылады.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген және әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе әскери бөлім (мекеме) штаттарының қысқартылуына байланысты әскери қызметтен шығарылған офицерлік құрамның әскери қызметшісіне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы болмаған кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жәрдемақысын төлеумен қатар әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойы әскери атағы бойынша айлықақы төлеу сақталады.
Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде әскери қызметшілерге әскери атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше әскери қызметтен шығарылған, офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне төленетін осы айлықақылар мөлшері ұлғаяды.
Бұрын мерзімді әскери қызмет өткермеген, он сегіз жасқа толмаған, бір жылдан аз оқыған жəне әскери, арнаулы оқу орындарынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери қызметке шақыруға əскерге шақырылушыларды əскери есепке қою үшін тұрғылықты жері немесе уақытша болу (тұру) орны бойынша жергілікті əскери басқару органдарына, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Əскери, арнаулы оқу орнынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет мерзіміне есепке жатқызылады.
Үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты əскери қызметтен шығару салдарынан əскери, арнаулы оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан курсант немесе кадет оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, өзін әскери, арнаулы оқу орнында оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке өтеуге міндетті.
Көрсетілген міндеттемелер әскери, арнаулы оқу орнындағы оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарып жіберілген және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімдерге (мекемелерге) жіберілген курсанттар мен кадеттерге қолданылмайды.
Оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерден мемлекет кірісіне ақшаны өндіріп алу мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін заңды күшіне енген сот актілері бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізулер «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
Тармақтың төртінші бөлігінде көзделген ақшаны мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоюлар 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерге беріледі.
Əскери, арнаулы оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Әскери, арнаулы оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін (ұшқыштар құрамы үшін – он бес жыл) оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алу тоқтатылады.
Əскери, арнаулы оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша əскери қызметтен шығарылған жағдайда, оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, курсанттар мен кадеттерді әскери, арнаулы оқу орнында оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық ай үшін пропорционалды түрде өтеуге міндетті.
Техникалық және кәсіптік білім беру (негізгі орта білім беру базасында) бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орнының түлегі жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орнына түспеген және әскери қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайларда, өзін оқытуға жұмсалған ақша өтелместен, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін әскери бөлімдерге (мекемелерге), бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Əскери, арнаулы оқу орындарында əскери қызметшіні оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу тəртібін құрылымында әскери, арнаулы оқу орны бар уəкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Әскери, арнаулы оқу орнын бітірген және бітіргеннен кейін он жыл қызмет өткермеген (ұшқыштар құрамы үшін – он бес жыл) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшісі не Қазақстан Республикасы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкері теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, мемлекеттік органдар құрылымына әскери, арнаулы оқу орны кіретін мемлекеттік органды бұл туралы бір ай ішінде хабардар етуге міндетті.
— Азаматтарды қалай әскери қызметке шақырады?
Азаматтарды әскери қызметке шақыру азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды, запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды, әскери жиындарға шақыруды, жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қамтиды.
— Әскерге шақыру комиссиялары қандай қызмет атқарады?
— Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың əскерге шақыру комиссиялары жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша əскерге шақыруды жүргізу кезеңiнде комиссия төрағасы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары және комиссия мүшелері ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті əскери басқару органының бастығы, ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары – медициналық комиссия төрағасы, хатшы құрамда құрылады.
Əскерге шақыру комиссияларының құрамына мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзге де өкiлдерi кiруi мүмкiн. Əскерге шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары кіреді.
Азаматтарды əскери қызметке шақыруды жүргізу графигін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
Əскерге шақыру комиссиясының мүшелері азаматтарды мерзімді əскери қызметке заңсыз шақырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының қызметiне басшылық жасау мен бақылауды жүзеге асырады, азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру және одан босату дұрыстығын тексереді, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының шешiмдерiне азаматтар берген шағымдар мен өтiнiштердi қарайды, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссиялары шешiмдерiнің күшiн жояды.
Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты әскери қызметке шақыруға жатады, әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын, әскери қызметке шақырудан босатылсын, әскери міндеттi атқарудан босатылсын деген шешімдердің бірін қабылдайды.
Әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бір күн ішінде әскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа хабарланады, шешімнің көшiрмесi оның қалауы бойынша қолына берiледi.
Азамат әскерге шақыру комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
— Медициналық комиссиялар қандай жұмыс атқарады?
— Азаматтардың əскери қызметке жарамдылық дəрежесін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалалармен аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен əскерге шақыру жасына дейінгілерді, əскерге шақырылушыларды, əскери жиындарға шақырылатын əскери міндеттілерді, əскери оқу орындарына, əскери кафедраларға, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куəландырудан өткiзу тұрақты негізде медициналық комиссиялар құрылады.
— Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың мiндеттері қандай?
Мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті физикалық және моральдық-психологиялық қасиеттері бар азаматтар шақырылады.
Əскери мiндеттiлер жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде әскери басқару органдарына, Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) (аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қоспағанда) – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде, әскери басқару органдарына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) – Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бірінші басшысының бұйрығы негізінде, аумақтық әскерлердің аумақтық органдарына жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс дайындығы жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысы негізінде әскери жиындарға шақырылады.
— Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру қандай себептерге байланысты орын алады?
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бойынша беріледі.
Кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша отбасы жағдайлары бойынша, білім алуды жалғастыру үшін, денсаулық жағдайы бойынша, басқа да себептер бойынша беріледі.
Отбасы жағдайлары бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша аталған отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.
Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi әкесi, анасы, зайыбы, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса, ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері, әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi), өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) асырап отырған анасы (әкесi), бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi, отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады.
Өзiнiң асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары), ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға, некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтарға мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі.
Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, білім беру ұйымдарында жалпы орта білiм алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне, тиiстi білім беру ұйымдарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі білім алып жүрген азаматтарға оқитыны туралы растайтын құжаттарды ұсынған ретте – бiр жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағанға дейiн, жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне беріледі.
Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге – жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне, тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге – денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына – олардың депутаттық өкілеттігi мерзiміне, өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға – тиiсiнше анықтау, тергеу аяқталғанға немесе сот үкiмi күшіне енгенге дейiн, азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне азаматтық авиация ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге, кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне су көлігі ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға беріледі.
Офицерлер құрамының әскери атағын бере отырып, запасқа қойылған азаматтарға отбасы жағдайлары бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алуды жалғастыру үшін және басқа да себептер бойынша әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылады.
Әскери жиындарға шақыру кейінге қалдырылмайды.
— Әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан босату қандай жағдайда орын алады?
— Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған, жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған,бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе оған бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген, басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер, ғылыми дәрежесi бар азаматтар, тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады.
Әскери жиындарға шақырудан, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында қорғанысты, қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс iстейтiн адамдар, мемлекеттiк, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналы, ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс iстейтiн адамдар, егіс және егiн жинау жұмыстары кезеңiне, күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарының педагогтері, оқу жылы кезеңiне, күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар, әскери мiндеттi әйелдер, әскери мiндеттілер, запасқа шығарылғаннан кейiнгі екi жыл ішінде, он сегiз жасқа дейiнгі үш және одан да көп баласы бар адамдар, оларға қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергіліктi өкілді органдардың депутаттары, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері болып сайланған әскери міндеттілер босатылады.
Соттылығы бар азаматтар бейбiт уақытта әскери қызметке шақырылуға жатпайды.
— Әскери қызмет өткеру туралы келiсімшарт қалай жүзеге асады?
Келiсiмшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тарап арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын, мерзiмнің өтуi бойынша, әскери қызметшiнiң мерзiмiнен бұрын босатылуына байланысты, әскери қызметшiнiң әскери қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшарт жасасқан күнінен бастап, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.
Ұлан оқудың үшінші курсына ауысқан кезде əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.
— Келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар қандай?
— Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға, қажетті жеке, моральдық жəне кəсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды болуға, курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға және әскери қызметте болудың шекті жасына толуға, келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш рет кіретіндер үшін – он екі жыл және алты ай, келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери атақтары барлар үшін – он екі жыл және алты ай, келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және кіші офицерлік және аға сержанттық құрамдардың әскери атақтары барлар үшін – он жыл, келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның әскери атақтары барлар үшін – бес жыл қалғанға дейін, əйелдерді қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.
Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар əскери қызмет өткеруге байланысты заңдармен белгіленген шектеулерді жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.
Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабілеті шектеулi деп таныған, медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз деп таныған, сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған, əскери қызметшінің əскери қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан, қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексіні негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, əскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тəртібімен əкімшілік жаза қолданылған, тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куəландырудан өтпеген, қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексіні негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, мемлекеттік немесе əскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан жəне əділет органдарынан терiс уəждер бойынша шығарылған, арнайы тексеруден өтпеген жəне (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері) немесе зайыбы жəне оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлаған, уəкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған адам қабылданбайды.
Əскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.
Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
Сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалауғ кандидаттың әскери-есептiк мамандығы бойынша бос лауазымдардың болмауы, психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулердің теріс нәтижелері келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамнан бас тарту үшін негiздер болып табылады.
— Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі, сондай-ақ шығарып жіберу жəне қайта қабылдау. Əскери оқу орындарында білім алып жатқан азаматтармен əскери қызмет өткеру туралы келiсімшарттар жасасу жайлы не айта аласыз?
—Жалпы орта білім беру базасында жоғары, техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түсуге əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма екі жастан аспаған азаматтардың, əскери қызмет өткерген азаматтардың жəне мерзiмдi əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін, жиырма бес жасқа толғанға дейін келісiмшарт бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшiлердің құқығы бар.
Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі уəкілетті орган бекітетін Əскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына сəйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Кадеттер, курсанттар құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, əскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдары түлектерінің, қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе əскери қызмет өткерген кезеңде мүгедек болып қалған əскери қызметшілер балаларының, «Алтын белгі» белгісімен наградталған адамдардың, тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші – үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші – үшінші дəрежелі дипломдармен наградтталған жеңімпаздарының артықшылықты құқығы бар.
Шетелдік əскери оқу орындарына оқуға жіберілген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына жəне келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруға сəйкес білім алады.
Əскери қызметтен теріс себептермен шығарылған адам əскери оқу орнына қайта қабылданбайды.
Техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарын бітіргеннен кейін əскери қызметшілерге «кіші сержант» əскери атағы беріледi.
Əскери-медициналық факультеттің курсанттарына «медицина қызметінің лейтенанты» əскери атағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды бітіргеннен кейін беріледі.
Əскери интернатура бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыратын əскери қызметшілер ауыспалы құрамның əскери интерні əскери лауазымында əскери қызмет өткереді.
— Келiсiмшарт мерзімі және оны жасасу тәртiбi қалай жүзеге асады?
— Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт үш жылға – келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін, бес жылға, он жылға, әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін, курсанттар, кадеттер жəне əскери интерндер үшін – əскери оқу орнындағы оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейiн əскери қызметтің он жылына (ұшу құрамының курсанттары үшін – оны бітіргеннен кейін əскери қызметтің он бес жылына), тыңдаушылар, магистранттар, докторанттар, адъюнкттер үшін – оқу мерзіміне жəне əскери оқу орнын бітіргеннен кейін əскери қызметтің бес жылына не əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалады.
Сұхбат жүргізген М.Әзбекұлы