Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.
Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: оған тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне, қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтауға; тылдық қамтамасыз ету ресурстарын автоматтандырылған басқару жүйесін енгізуді және пайдалануды ұйымдастыруға; бөлімдерді (бөлімшелерді) бағынысты қызметтер бойынша материалдық және техникалық қамтамасыз етуге; материалдық, техникалық құралдардың, зымырандардың, оқ-дәрілердің барлық түрлерін және суды жеткізуге; бағынысты қоймалардың жай-күйіне; жеке құрамға сауда-тұрмыстық қызмет көрсетуге, қамтамасыз етуге; әскерлерді орналастыруға және қызметтік-тұрғын үй қорын ұстауға; бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтер жеке құрамының жауынгерлік және жұмылдыру даярлығына, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне; өртке қарсы қорғауға; қоршаған ортаны қорғау қағидаларын сақтауға, тыл объектілерінде ішкі қызметті ұйымдастыруға және жай-күйіне жауап береді.
Ол бригада командиріне бағынады және бригада командирінің орынбасарларын қоспағанда, бригаданың барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.
Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары өз мамандығы бойынша жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және жүргізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың орындалуын ұйымдастыруға, командир орынбасарларының, әскер тектері мен бригада қызметтері бастықтарының қатысуымен жылдық шаруашылық жоспарын, экономикалық жұмыс жоспарын, материалдық, техникалық құралдарды, зымырандар мен оқ-дәрілерді жеткізу жоспарын, басқа да жұмыс жоспарларын; автомобиль техникасын пайдалану және жөндеуге шығару жоспарларына енгізу үшін тыл техникасын пайдалану және жөндеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және осы жоспарларды орындауға бақылауды жүзеге асыруға, бригаданың бағынысты қызметтері бойынша қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға және оларды уақтылы игеруге қатысуға, оған тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтер офицерлерінің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлықты жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге, мамандығы бойынша әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға жоғарылатуға, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін және әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға, офицерлермен, сержанттармен тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және әскери шаруашылықты жүргізу бойынша сабақтар өткізуге, тылдық қамтамасыз ету ресурстарын автоматтандырылған басқару жүйесін енгізуді және пайдалануды ұйымдастыруға, бөлімдерді (бөлімшелерді) бағынысты қызметтер бойынша материалдық құралдармен уақтылы қамтамасыз етуді, жабдықталым органдарынан мүліктің, материалдық құралдардың қажетті санын талап етуді ұйымдастыруға және өтінімдерге сәйкес оларды алуды, сақтауды, бригада бөлімдеріне (бөлімшелеріне) беруді қамтамасыз етуге, меншік нысанына қарамастан, сауда-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы бригадаға сауда-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және бақылауға, конкурстық өтінімдер мен шарттарға сәйкес қызмет көрсету кәсіпорындарында тауарлардың тиісті түрінің бар болуына бақылауды жүзеге асыруға, бригада асханаларында жеке құрамның сапалы тамақтануын, әрбір әскери қызметшіге және қызметтік жануарларға жабдықталым мен материалдық құралдардың тиісті нормаларын жеткізуді, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікте, тәуліктік нарядта болған және заңнамада көзделген басқа да жағдайларда әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыруға және бақылауға міндетті.
Тамақ дайындау үшін азық-түлікті тарату мәзірін жасауға басшылық жасауға және оны бригада командиріне бекітуге ұсынуға, айына бір реттен жиі емес аспаздардың бақылау-көрсету тамақ пісірулерін өткізугеғ картопты, көкөністерді, отынды дайындауды уақтылы жүргізуді ұйымдастыруға және бақылауға және оларды қоймаларға салып қоюды ұйымдастыруға, сақталуын қамтамасыз етуге, жеткізілетін азық-түлік сапасына бақылауды жүзеге асыруға, жылына екі реттен жиі емес тексеру актілерін ресімдей отырып, бригада қоймаларындағы және бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі) барлық материалдық құралдардың бар болуын және жай-күйін тексеруге; жыл сайын бағынысты қызметтер бойынша барлық мүлік пен техникаға түгендеу жүргізуді ұйымдастыруға, комиссияның бағынысты қызметтерді тексеру жөніндегі жұмысын уақтылы ұйымдастыруға және бақылауға, жұмыс басталар алдында олардың мүшелерімен нұсқау беру сабақтарын өткізуге, жанармай, жағармай материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасына, дұрыс пайдалануға және үнемді жұмсауға және олармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ ай сайын бригада командиріне олардың шығыс лимиттерін пайдалану нәтижелерін баяндауға, бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердегі қару-жарақ пен әскери техниканың бар болуы мен жай-күйін білуге, оны дұрыс пайдалануды, уақтылы қызмет көрсетуді, эвакуациялау мен жөндеуді қамтамасыз етуге, нарядқа түсер алдында асханалар, қойма аймағы бойынша кезекшілерге жеке өзі нұсқаулар беруге немесе ол үшін тиісті лауазымды адамдарды тағайындауға міндетті.
Аптасына бір реттен жиі емес тәуліктік нарядты даярлау мен олардың қызмет өткеруін, сондай-ақ бағынысты бөлімдердегі (бөлімшелердегі) жарғылық ішкі тәртіптің сақталуын жеке өзі тексеруге, бөлімдерге (бөлімшелерге) материалдық құралдардың барлық түрлерін әкелуді, сумен жабдықтауды, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды ұйымдастыруға, жеткізетін автомобиль көлігінің жұмысын жоспарлауға және оны дұрыс және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға, теміржол (әуе, теңіз, өзен) көлігімен әкелінген материалдық құралдарды уақтылы түсіруді және әкетуді қамтамасыз етуге, бригада тылының оқу материалдық-техникалық базасын, бағынысты қоймаларды, асханаларды жабдықтау және жетілдіру және оларды техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға, бригада командиріне бөлімдер (бөлімшелер) арасында қызметтік-тұрғын үй қорын бөлу жөніндегі ұсыныстарды ұсынуға, барлық тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды, су құбыры-кәріз, жылу желілері мен құрылыстарды, казармалық мүкәммал мен жиһазды дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді; қызметтік-тұрғын үй қорын қысқа алдын ала дайындауды ұйымдастыруға; пәтерлерге орналастыруға бөлінген аумақты көгалдандыруды және кіреберіс автомобиль жолдарын, сондай-ақ бригададағы өртке қарсы қорғанысты реттеп ұстауды ұйымдастыруға, объектілерді өрт және күзет дабылдамасы құралдарымен жарақтандыруға; үш айда бір реттен жиі емес бригаданың өртке қарсы қорғанысын ұйымдастыруды және жай-күйін тексеруге және оқу-жаттығу өрт жаттықтыруларын өткізуге міндетті.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және орындалуын тексеруге, барлық бригада жеке құрамының қоршаған орта экологиясын күзету және қорғау қағидаларын сақтауын бақылауға, жеке құрамның сыртқы келбеті туралы ұдайы қамқорлық жасауға, киім-кешекті уақтылы беруді, оны шақтап пішу мен жөндеуді ұйымдастыруға, әскери киім нысанын кию қағидаларын сақтауды талап етуге, бригада бөлімдеріне (бөлімшелеріне) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға, бір жылға арналған күрделі жөндеу және күрделі құрылыс жүргізуге бекітілген титулға сәйкес және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар орындайтын жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу сапасына бақылауды жүзеге асыруға, бригада асханаларын жабдықтау, ағымдағы жөндеу, көркейту (меншік нысанына қарамастан), бағынысты қызметтер бойынша қоймалар мен басқа да объектілерді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, бағынысты қызметтер бойынша жөндеу-құрылыс және шаруашылық жұмыстарын орындау кезінде және техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге, белгіленген есепке алу мен есептілікті жүргізуді, бригада штабына, жоғарғы тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына жеткізілімдер мен есеп берулерді уақтылы ұсынуды ұйымдастыруға және бақылауға, бригада инфрақұрылымына қызмет көрсетумен айналысатын азаматтық персоналдың жұмысын бақылауға міндетті.
Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасарының өртке қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі нұсқаулары бригаданың барлық жеке құрамы үшін міндетті.
Бригада командирінің қаржы жұмыстары жөніндегі көмекшісі (қаржы қызметінің бастығы) бригада командиріне бағынады және қаржы қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша бейбіт және соғыс уақытында: бригаданы қаржылық қамтамасыз етуге; қаржы шаруашылығының жай-күйіне; төлем бөлігінде шарттық міндеттемелерді орындауға; бригада кассаларында ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге; бухгалтерлік есеп пен есептілікті дұрыс ұйымдастыру мен нақтылығына; бригаданың ақшалай қаражатын мақсатты, тиімді, үнемді жұмсауға жауап береді және бригаданың жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын, бригаданың жылдық шаруашылық жоспарымен және басқа да жоспарларымен көзделген іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеуге, міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын әзірлеуге, қаржы шаруашылығын ұйымдастыруға және жүргізуге, ақшалай қаражатты жоспарлауды, талап етуді, қаржылық есепке алу мен есептіліктің нақтылығын қамтамасыз етуге, бригадада құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын шаруашылық операциялардың заңдылығына бақылауды жүзеге асыруға, бригада қызметтерінен кіріс және шығыс жөніндегі растау құжаттарын, әскери мүлік қозғалысы туралы есеп берулерді уақтылы талап етуге міндетті.
Жарты жылда бір реттен жиі емес қызметтердің есепке алу деректерін бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырып тексеруді жүргізуге, жоғары тұрған штабқа есептілікті уақтылы ұсынуға, бюджет заңнамасына сәйкес ақшалай қаражатты жұмсауды қамтамасыз етуге, бригада жеке құрамын еңбек заңнамасында және әскери қызмет өткеру туралы заңнамада белгіленген ақшалай жабдықталыммен, еңбекақымен және басқа да төлемдермен уақтылы қамтамасыз етуге, оларға аударымдар мен төлемдер туралы мәліметтер беруге, ақша құжаттарының, ақшалай қаражаттың және құндылықтардың сақталуын, қатаң есептегі бланкілердің сақталуын және есепке алуды қамтамасыз етуге, бригаданың қаржыландыру жоспары бойынша сатып алынған материалдық құндылықтарды тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға, материалдық және ақшалай қаражатты жоғалтумен, жетіспеушілікпен, ұрлаумен, заңсыз жұмсаумен мемлекетке келтірілген залалды уақтылы және толық өтеуге мониторингті жүзеге асыруға міндетті.
Есеп беретін адамдарды тексеруге, күн сайын бригада командиріне есепке алу деректерімен қолма-қол ақша сомасын және құндылықтарды салыстырып тексеру нәтижелері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджеті шығыстары экономикалық жіктелімі ерекшеліктерінің құрылымына сәйкес қазынашылықтағы шоттарды төлеу туралы баяндауға, бригаданың экономикалық және қаржы-шаруашылық қызметін талдауға, командирге ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуын, мақсатты және үнемді жұмсалуын қамтамасыз ету, ұрлауды анықтау және болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге және беруге, аптасына бір реттен жиі емес бригада командиріне қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйі және анықталған бұзушылықтар туралы баянатпен баяндауға, ақшалай қаражатпен қамтамасыз етуге қатысты бригаданың уәкілетті лауазымды адамдары жасасатын шарттар мен келісімдердің жобаларын жеке өзі қарауға, бригада сатып алған (алған) материалдық құндылықтарды уақтылы және толық кіріске алуды, ал қажет болған жағдайларда осы құндылықтардың қоймаларда нақты бар болуын тексеруге және тексеру нәтижелері туралы командирге баяндауға, қаржы мәселелері бойынша бригаданың комиссия мүшелерімен, әскери мүлікті есепке алу мәселелері бойынша материалдық жауапты адамдармен нұсқаулар беруді өткізуге, тауар-материалдық құндылықтардың, қару-жарақ пен әскери техниканың, басқа да материалдық құралдардың қозғалысын, сондай-ақ бригаданың материалдық есепке алу кітаптары бойынша оларды дұрыс есептен шығаруды бақылауға міндетті.
Ол бригада командиріне бағынады.
Бригада командирінің құқықтық жұмыс жөніндегі көмекшісі бригадада жүргізілетін барлық іс-шаралардың заңдылығын қамтамасыз етуге, белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда құқықтық мәселелерді қараған кезде бригаданың мүддесін мемлекеттік мекеме ретінде білдіруге, талап-арыз жұмысын жүргізуге, мемлекетке келтірілген материалдық залалды өтеу мәселелері бойынша бригада тиісті қызметтерінің бастықтары ұсынған құжаттар негізінде құқық қорғау органдарымен, заңды және жеке тұлғалармен хат-хабар алмасуды жүзеге асыруға, бұйрықтардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындауға, оның ішінде оларды бригаданың басқа лауазымды адамдары әзірлеген жағдайда оларды келісу жолымен қатысуға, бригадада Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтық жалпыға міндетті оқытуды ұйымдастыруды насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға міндетті.
Бригада командирінің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер мен қорытындылар әзірлеуге, анықтамалар мен консультациялар беруге, кезең-кезеңімен жаңартылатын электрондық нормативтік құқықтық актілер базасын пайдалана отырып, іс жүргізуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілерді жүйелі түрде есепке алуды және сақтауды ұйымдастыруға, құқық мәселелері бойынша бригаданың әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ азаматтық персоналына консультация беруге міндетті.