Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.
Барлық әскери қызметшілер кездескен (озып өткен) кезде Қарулы Күштердің Саптық жарғысында (бұдан әрі – Саптық жарғы) белгіленген қағидаларды қатаң сақтай отырып, бір-бірімен сәлемдесуге міндетті.
Бағыныстылар мен әскери атағы бойынша кішілер бірінші болып, ал олардың жағдайлары тең болған кезде бірінші көрген сәлемдеседі.
Әскери қызметшілер одан басқа отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне тағзым етуге, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын, сондай-ақ әскери корабльге келгенде және одан кеткен кезде Әскери-теңіз жалауын, әскери бөлімшелер ілесіп жүретін қаралы топты қарсы алуға міндетті.
Әскери бөлімдер мен бөлімшелер сапта тұрған кезде команда бойынша Қазақстан Республикасының Президентін, барлық тікелей бастықтарға, армия генералдарын, генерал-полковниктерді, адмиралдарды, сондай-ақ әскери бөлімде (бөлімшеде) инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдарды қарсы алады, Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне тағзым етеді, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын, ал әскери корабльде Әскери-теңіз жалауын, ол көтерілген және түсірілген кезде, әскери бөлімшелер ілесіп жүретін қаралы топты қарсы алады, кездескен кезде бір-біріне сәлемдеседі.
Саптан тыс сабақтарда, сондай-ақ тек офицерлер қатысып отырған кеңестер уақытында командирлерге (бастықтарға) әскери сәлемдесу үшін «Офицер мырзалар» командасы беріледі.
«Тік тұр», «Тұр. Тік тұр» немесе «Офицер мырзалар» командасын қатысушы командирлердің (бастықтардың) үлкені немесе келген командирді (бастықты) бірінші көрген әскери қызметші береді.
Осы команда бойынша барлық қатысушылар орындарынан тұрады, келген командир (бастық) жаққа бұрылады және саптық қалыпты қабылдайды.
Қатысушы командирлердің (бастықтардың) үлкені келушіге жақындап, оған баяндайды. Мысалы: «Полковник мырза. Бөлімнің офицерлер құрамы кеңеске жиналды. Бөлім штабының бастығы майор Артықов».
Келген командир (бастық) баянатты қабылдап, «Еркін тұр» немесе «Офицер мырзалар» командасын береді, ал баяндаушы осы команданы қайталайды, одан кейін барлық қатысушылар «еркін тұр» қалпын қабылдайды.
Үлкен командир (бастық) болған кезде кішіге әскери сәлемдесу үшін команда берілмейді және баяндау жүзеге асырылмайды.
Сыныптық сабақтар өткізу кезінде «Тік тұр», «Тұр. Тік тұр» немесе «Офицер мырзалар» командасы әрбір сабақ алдында және ол аяқталған кезде беріледі.
«Тік тұр», «Тұр. Тік тұр» немесе «Офицер мырзалар» командасы командирге (бастыққа) баяндау алдында, егер бұл ретте басқа да әскери қызметшілер қатысып отырған жағдайда беріледі, ал олар болмаған кезде тек командирге (бастыққа) баяндалады.
Әскери бөлімдер мен бөлімшелерге әскери сәлемдесуді орындау үшін әскери бөлімді немесе бөлімшені жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде, маршта, сондай-ақ тактикалық сабақтар мен оқу-жаттығуларда, басқару пункттерінде, байланыс тораптарында, жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызмет өткеру орындарында, оқ ату (ұшыру) уақытында атыс шебі мен атыс (бастапқы) бекінісінде, әуеайлақтарда ұшуларды жасау уақытында, құрылыс, шаруашылық жұмыстарын орындау уақытында, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету (қаруды тазалау) кезінде, сондай-ақ шеберханаларда, парктерде, ангарларда, зертханаларда, спорттық жарыстар мен ойындар барысында, тамақ ішу кезінде, «Ұйқыға» сигналынан кейін және «Тұрыңдар» сигналына дейін, душтарда, моншаларда, дәретханаларда, жуыну бөлмелерінде және сырқаттанған адамдарға арналған үй-жайларда команда берілмейді.
Аталған жағдайларда бастық немесе үлкені келген бастыққа тек баяндайды.
Жерлеу рәсіміне қатысатын бөлімшелер әскери сәлемдесуді орындамайды.
Жеке құрамның жалпы жиналыстарында әскери сәлемдесу үшін «Тік тұр» немесе «Тұр. Тік тұр» командасы беріледі және командирге (бастыққа) баяндалады.
Мысалы: «Саулығыңызды тілейміз (тілеймін), кіші сержант мырза», «Сау болыңыз, бас старшина мырза», «Сау болыңыз, лейтенант мырза».
Егер командир (бастық) әскери бөлімді (бөлімшені) құттықтаса, онда әскери бөлімнің жеке құрамы созылыңқы түрде үш дүркін «Урамен» жауап береді, ал егер командир (бастық) алғыс айтса, жеке құрам «Қазақстан Республикасына қызмет етеміз» деп жауап береді.
Әскери қызметшілер өздерінің тікелей бастықтарына әскери лауазымға тағайындалған кезде, әскери лауазымды тапсырған кезде, әскери атақ берген кезде, орденмен немесе медальмен наградтаған кезде, іссапарға, емделуге немесе демалысқа кеткенде және қайтып келгенде таныстырады.
Өзін тікелей бастығына таныстыра отырып, әскери қызметшілер өзінің әскери лауазымын, әскери атағын, тегін және таныстыру себебін айтады.
Бөлім командирі жаңадан келген офицерлерді бөлімнің офицерлер құрамына офицерлердің жақында өтетін кеңесінде немесе бөлім сапқа тұрғызылғанда, ал бөлім мен батальон сержантын бөлім сапқа тұрғызылғанда таныстырады.
Әскери бөлімді инспекциялау (тексеру) кезінде оның командирі инспекциялауды (тексеруді) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалып келген адамға, егер ол бөлім командирімен тең әскери атақта тұрса немесе атағы бойынша одан жоғары болса өзін таныстырады; егер инспекциялаушы (тексеруші) атағы бойынша бөлім командирінен кіші болса, онда ол әскери бөлім командиріне өзін таныстырады.
Инспекциялау (тексеру) басталар алдында әскери бөлімнің командирі инспекциялаушыға (тексерушіге) инспекцияланатын (тексерілетін) бөлімшелердің командирлерін таныстырады.
Егер инспекциялаушы (тексеруші) бөлімшеге әскери бөлім командирімен бірге келсе, онда бөлімше командирі инспекциялаушыға (тексерушіге) егер соңғысы әскери бөлімнің командирімен әскери атағы тең болған немесе атағы бойынша одан жоғары болған жағдайда баяндайды.
Егер инспекциялау (тексеру) уақытында үлкен командир (бастық) келсе, онда оған әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі баяндайды, ал инспекциялаушы (тексеруші) өзін таныстырады.
Қорғаныс министрлігі, Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің, бас басқармаларының (басқармаларының), басқа да әскерлер мен әскери құралымдар орталық басқару органдарының бастықтарын олардың әскери атақтарына қарамастан, сондай-ақ әскери бөлімге шақырылған құрметті келушілерді әскери бөлім (корабль) командирі қарсы алады, өзін таныстырады және оларға әскери бөлімнің (корабльдің) орналасқан жері бойынша ілесіп жүреді.
Инспекциялаушылардың (тексерушілердің) немесе үлкен командирлердің (бастықтардың) жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындайтын әскери қызметшілердің барлық нұсқаулары әскери бөлім командирі арқылы беріледі. Аталған адамдар әскери бөлімнің (бөлімшенің) командиріне инспекциялау (тексеру) немесе оларға жүктелген қызметтік тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы хабарлауға міндетті.
Әскери бөлімнің (бөлімшенің) әскери қызметшілеріне сұрауды жүргізу кезінде инспекциялаушылар (тексерушілер) осы Жарғының талаптарын (13-қосымша) басшылыққа алады.
Ішкі тәртіп – бұл заңдармен, жалпыәскери жарғылармен, бұйрықтармен және нұсқаулықтармен айқындалған әскери қызметшілерді әскери бөлімде (бөлімшеде) орналастыру, күнделікті қызметі мен тұрмысы және тәуліктік нарядтың қызмет өткеру қағидаларын қатаң сақтау. Ішкі тәртіпке барлық әскери қызметшілердің заңдармен, әскери жарғылармен, бұйрықтармен және нұсқаулықтармен айқындалған міндеттерін терең түсінуімен, ұғына және нақты орындауымен, әскерлер қызметін нақты ұйымдастырумен және тәуліктік нарядтың қызметін үлгілі өткерумен;, күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін нақты орындаумен, мақсатты бағытталған тәрбие жұмысымен, командирлердің (бастықтардың) жоғары талап қоюшылығын бағыныстылар мен олардың денсаулығын сақтау туралы ұдайы қамқорлық көрсетуімен үйлестірумен, жауынгерлік даярлықты анық ұйымдастырумен, қару-жарақты және әскери техниканы, басқа да материалдық құралдарды пайдалану (қолдану) қағидаларын орындаумен; әскери қызметшілер орналасқан жерлерде әскери жарғылардың талаптарына жауап беретін олардың күнделікті қызметі, өмірі мен тұрмысы үшін жағдайлар жасаумен, әскери бөлім орналасқан ауданда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаумен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қабылдаумен қол жеткізіледі.