Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша «Акбар» базарында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру.
Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», тұрғын үй, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ақпараттар беріліп, анықтамалық парақшалар таратылды.