Жарылған зат жарылды. Арыстағы апат – Алланың сынағы. Халқымыз бұл сынақта өзінің мейрімділігін, бірлігін көрсете білді. Алла көтере алмайтын сынақтан сақтасын деп тілейміз!

Арыста болған қайғылы апаттың екінші күні де өтті. Көпшіліктің сан алуан пікірі айтылды, жазылды. Әлі де айтылады, жазылады. Білгенінен, көргенін сұрайтын халықпыз. Арыстағы бүгін көргенімізді қысқаша айтайық.

Жарылыс болған күні атқарылған үлкен жұмыстарға тоқтала кетсек. Облыс, қала, аудан әкімшіліктегі азаматтарымыз ауыр арпалыстың астында қалды. Бұл кісілер де сыр бермеді. Әлі де көмектерін көрсетуде аянып жатқан жоқ.

Қаланың шыға берісіндегі №55 мектептегі көмек лагерінде жарылыс болған күні түнде, түйдей құрдас жігітпен жолықтық. Жарылыс болған маңға жақын жүрген екен. Қаттыс дыбыстан бір құлағы 1,5 сағат есту мүмкіндігінен жоғалтып алады. Екінші тұсында жарылған орыстардың құрғыр снаряды екі құлағын да жауып тастайды. Барлығымыздың жанымыз «тәтті» ғой шіркін. Жігіт тоқтауды ойлаған жоқ екен. «Өзінді аяу да ұмытылады екен. Алыста тұрған бензині аз көлігіме жетіп, үйдегі келіншегім мен баламдыы салып қаладан қаша бастадық. Жолда көрші, туыс, таныстардың 12-сін сыйдырып алдым. Қол созып тоқтатқандарды көбісін алып кете алмадық. Сонда, қолымнан түк келмегеніне қатты ашындым» дейді, арыстық азамат.

Арысқа тарылған тынысымен танысуға екінші күні жол тарттық. Сабит досым, әрі әріптесім екеуміз бірінші постта әскери азаматтардың рұқсатымен халқы жоқ қаланың ішке әрең кірдік. Қала посттарының бірінде әкесін іздеп жүрген ана  мен баланы жолықтырдық. Кейін көлікке міңгізіп алдық. Қайтар жолда әкелері де өз үйіне қайтып келгені анықталды. Қайтар жолда отбасы мүшелері қауышып, үшеуін көлікке міңгізіп, Шымкенттегі ұлының үйіне жол тарттық. Жарылыс кезінде жұмысында болған әкелері төбеге қарай әріптестерімен қашып аман қалған екен. Кейіннен жолда көлік тоқтатып, Шымкенттен бір-ақ шыққан. Азанда көршісімен бірге Арысқа қайтып келген. Алланың жазған тағдыр тауқыметін тартқан ағамыз үйдегілерімен қайтып қауышты. Біз үшін себепкер болудың өзі – үлкен жеңіс!

Жалпы, «сұмырай» снадрядтар 15 км. аумақтың көлемінде шашылған. Қазіргі таңда, солдаттар қала ішіндегі егесі жоқ үйлерді күзетіп отыр. Алматы қаласынан қосымша 500-ден астам отан қорғаушылар көмекке жұмылдырылды. Жолдарды жағалап бір-екі санарядтар сынып жатыр. Қаладағы үйлердің 50 пайызға жуығының терезесі мен «крышасы» қираған.  Қауіпті аумаққа айналған Арысты қорғап отырған сақшылар, үйіне қайтып келген шаршаған халыққа түсінікпен қарап, сөзге келмеуге тырысып жатыр.

Жалпы, Арыстық азаматтарымызға жан-жақтан азық-түлік, киім-кешектермен көмек ұшын созып жатқандар көп. Көбейіп келеді. Түркістан облыстары мен Шымкент алаларындағы лагерлерге Қызылорда, Тараз, Семей, Алматы  т.б. облыстарымыздан тонналап көмектер келіп жатыр. Барлық саланың мамандары штабтар құрып, аудандарымыз да көмек көрсетуде ат салысып жатыр. Алла разы болсын барлықтарыңызға!

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.