Түркістан қаласындағы «Farab Library» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Жергілікті әскери басқару органдары күніне» арналған салтанатты іс-шарасы жоғарғы деңгейде өткізілді. Оған Түркістан облысы жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, әскери іс-қимыл ардагерлері мен интернационалист-жауынгерлер, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері және студенттер қатысты.

Жалпы, әскери база бастығы бағынысты мемлекеттік мекемеге қатысты әскери бөлім командирінің құқықтарын пайдаланады және міндеттерін орындайды, ал гарнизонның әскери бөлімдеріне қатысты гарнизон бастығының құқықтарын пайдаланады және міндеттерін орындайды.

Бригада (полк, шекара жасағы, авиациялық база және оларға теңестірілгендер, бұдан әрі – бригада (корабль) командирі бейбіт уақытта жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне, жауынгерлік қабілетке, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығына, автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдалана отырып, әскерлер мен ресурстарды басқаруға, жеке құрамды әскери тәрбиелеуге, тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне және әскери қызмет қауіпсіздігіне, бригаданың диверсияға қарсы қауіпсіздігіне, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етуге;

Жауынгерлік Тудың, қару-жарақ пен әскери техниканың, оқ-дәрілердің, жанармай, жағармай материалдарының және басқа да материалдық құралдардың жай-күйіне және сақталуына; бригаданың (корабльдің) жауынгерлік міндеттерді табысты орындауына, жарғылық ішкі тәртіп пен әскерлер қызметінің жай-күйіне, әскери объектілердің, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі мен сақталуына; жауынгерлік, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудің барлық түрлеріне, шарттық және талап-арыз жұмысына, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік-құқықтық қорғауға жауап береді.

Бригада (корабль) командирі бригаданың (корабльдің) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Бригада (корабль) командирі бригаданың (корабльдің) жауынгерлік, жұмылдыру әзірлігін және жауынгерлік қабілетін қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін жай-күйде ұстауға;

жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға, ұйымдастыру мен жүргізуге, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларын әзірлеуге басшылық жасауға және олардың орындалуын бақылауға; бригаданың (корабльдің) тағайындалуын білуге және оны кез келген жағдайда шебер басқаруға, жауынгерлік қажеттілік жағдайларында шешімдер қабылдауға, әскерлер мен ресурстарды автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді және пайдалануды бақылауға, бөлімдермен (бөлімшелермен) оқу-жаттығулар өткізуге, бригада штабын даярлауды жүргізуге, бөлімдер (бөлімшелер) командирлерімен, олардың орынбасарларымен және әскер тектері мен бригада қызметтерінің бастықтарымен (корабльде – орынбасарлармен (көмекшілермен), жауынгерлік бөлімдер командирлерімен және қызметтер бастықтарымен) сабақтар, сондай-ақ бригада (корабль) бөлімдерімен (бөлімшелерімен) сабақтар өткізуге, күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін белгілеуге, ішкі тәртіпті сақтауды талап етуге, орындалатын міндеттер мен сабақтар кестелерін ескере отырып, жеке құрамның киім нысанын айқындауға, бөлімнің, ротадан және одан жоғары бөлімшенің әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге; офицерлермен және сержанттармен құқықтық, әскери тәрбие, педагогикалық дағдыларын, кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге, бригададағы (корабльдегі) мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі істердің нақты жай-күйін білуге, бөлімде құпия ақпараттың жария болуы мүмкін арналарды анықтау және жабу жөніндегі ұдайы жұмысты ұйымдастыруға, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаңадан келген буынды даярлауға және оларды бөлімшелер (командалар, жауынгерлік бөлімдер) бойынша бөлуге басшылық жасауға және оған әскери ант қабылдатуға, кадрларды іріктеуге және орналастыруға басшылық жасауға, бригаданы келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастыруға және жүргізуге, әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу, жоғары лауазымдарға жоғарылату үшін кандидаттарды айқындауға, бұл ретте әскери ұжымның пікірін, тұрақты әрекеттегі аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын ескеруге, әскери қызметшілердің тұрмысын жақсарту, олардың денсаулығын сақтау және нығайту жөнінде шаралар қабылдауға, бір аптаға азық-түлікті тарату мәзірін қарауға және бекітуге, тағам тарату сапасына және толықтығына күн сайынғы бақылауды ұйымдастыруға, апта сайын тамақ дайындау сапасын жеке өзі тексеруге, белгіленген қорларды ұстау, қару-жарақ пен әскери техниканы, басқа да материалдық құралдарды сақтау, ақаусыз жай-күйде ұстау және дұрыс пайдалану жөнінде шаралар қабылдауға, олардың бар болуын, жай-күйі мен жауынгерлік әзірлігін кезең-кезеңімен тексеруге; жылына екі реттен жиі емес барлық қару-жарақ пен әскери техникаға қарап тексеруді жүргізуге, қарап тексеру нәтижелерін бригада бойынша бұйрықта жариялауға, апта сайын бригада әскери қалашығын аралап шығуға (корабль командирі екі айда бір реттен жиі емес корабльді қарап тексеруді, айына бір реттен жиі емес – оның қару-жарағын, оқ-дәрілері мен техникалық құралдарын қарап тексеруді, күн сайын корабльді аралап шығуды жүргізуге), құқық бұзушылықтардан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдауға, ал олар жасалған жағдайда үлкен командирге (бастыққа) баяндауға, әскери полицияны және құқық қорғау органдарын жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабардар етуге, қызметтік тексеру тағайындауға, адамдардың қаза табуы мен мертігуіне байланысты немесе өзге де ауыр салдарға әкеп соқтырған аварияларды, апаттарды және басқа да оқиғаларды тексеруге, сондай-ақ жалпыәскери жарғылармен айқындалған әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастар қағидаларын бұзу жағдайларын тексеруге жеке өзі қатысуға, бағыныстыларға уақтылы жеткізуге, ал қажет болған жағдайларда қару-жарақпен және әскери техникамен, оқ-дәрілермен, қызметтік жануарлармен жұмыс кезінде, сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуына бақылауды белгілеуге және жүзеге асыруға (корабль командирі, одан басқа, корабльдің төзімділігі мен оның жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға), аумақтық және азаматтық қорғаныс ерекшеліктерін ескере отырып, бригаданың (корабльдің) жеке құрамын, қару-жарағы мен әскери техникасын, басқа да материалдық құралдарын жаппай қырып-жою қаруының зақымдау факторларынан және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, бригаданың (корабльдің) қажеттіліктерін, қаржы, шарттық, талап-арыз жұмыстарын, шаруашылық қызметті қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға басшылық жасауға; материалдық және ақшалай қаражатты уақтылы игеру, заңды, мақсатты, тиімді және үнемді жұмсау жөнінде шаралар қабылдауға, бригаданың қызметтік-тұрғын үй қорын, коммуналдық ғимараттары мен жер учаскелерін ұстауға және дұрыс пайдалануға (корабльде – тұрғын және қызметтік үй-жайларды қарап тексеруге, корабль корпусының ақаусыз жай-күйін ұдайы қадағалауға), сондай-ақ өртке қарсы қорғаныс жай-күйіне бақылауды жүзеге асыруға. Жылына екі реттен жиі емес әскери объектілерге, ғимараттарға, құрылыстарға және жер учаскелеріне қарап тексеруді жүргізуге, қарап тексеру нәтижелерін актілерде көрсетуге және бригада (корабль) бойынша бұйрықта жариялауға міндетті.

Бөлімнің диверсияға қарсы қауіпсіздігін және бригада (корабль) орналасқан жердің күзетін ұйымдастыруға, қарауылдық және ішкі (корабльде – кезекшілік және вахталық) қызметтерге бақылауды жүзеге асыруға, олардың өткерілуін жеке өзі тексеруге және ұйымдастыруға, машиналардың (командалардың, лектердің) жетекшілеріне гарнизоннан тыс рейстерге кетер алдында нұсқаулар беруге, лауазымды адамдарды және комиссияларды тарта отырып, қызметтер бойынша әскери мүліктің, сондай-ақ ақшалай сома мен құндылықтардың бар болуына жоспарлы және кенеттен тексерулерді жеке өзі жүргізуге, мемлекетке келтірілген материалдық залал анықталған кезде қызметтік тексеру тағайындауға және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы шешімді уақтылы қабылдауға, әскери ұжымдарда жариялылық, әлеуметтік әділдік орнатуға, әскери қызметшілер арасында өзара сенім орнатуға, бөлімшелерде кемшіліктерге, немқұрайлылық пен енжарлыққа төзбеу жағдайын қалыптастыруға, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жыл сайынғы негізгі демалыстары кестелерін бекітуге және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының, әскери тәртіп пен ішкі реттіліктің жай-күйін, сондай-ақ тәуліктік нарядтың қызмет өткеруін талдауға, айына бір реттен жиі емес қорытындылауға және оларды жақсарту жөніндегі шараларды айқындауға, осы Жарғыда айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентін, тікелей бастықтарды, армия генералдарын, генерал-полковниктерді, адмиралдарды және инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдарды қарсы алуға, баяндауға және бригада орналасқан жер бойынша (корабльді қарап тексеру кезінде) ілесіп жүруге, теміржол (әуе, теңіз, өзен) көлігімен келген материалдық құралдарды уақтылы түсіруді және әкетуді ұйымдастыруға, бригаданың (корабльдің) жауынгерлік даярлық іс-шараларын жүргізу және күнделікті қызметі кезінде қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөнінде шаралар қабылдауға, айына бір реттен жиі емес әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персонал адамдарын жеке мәселелері бойынша қабылдауға, жоғары тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есеп берулерді ұсынуды, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің, әскерге шақыру бойынша офицерлердің істері мен лауазымын уақтылы қабылдауына (тапсыруына) бақылауды жүзеге асыруға, мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен ішкі тексеру комиссияларының жұмысын ұйымдастыруға, әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыруға міндетті.

Бригада (корабль) командирі әрбір оқыту кезеңі басталар алдында жалпыәскери жарғылардың оған регламенттеу құқығы берілген ережелерін орындау тәртібін айқындаумен жазбаша бұйрықтар (8-қосымша) береді.

Одан басқа, бригада (корабль) командирі саптық бөлім бойынша белгіленген мерзімдерде, сондай-ақ қажеттілігіне қарай – жауынгерлік даярлық бойынша, жеке материалдық-техникалық қамтамасыз ету (тыл, техникалық бөлім) және басқа да мәселелер бойынша жазбаша бұйрықтар береді.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету (тыл, техникалық бөлім) бойынша бұйрықтарға бригада (корабль) командирі және тиісінше оның материалдық-техникалық қамтамасыз ету (тыл немесе техникалық бөлім) жөніндегі орынбасары қол қояды.

Саптық бөлім, жауынгерлік даярлық және басқа да мәселелер бойынша бұйрықтарға бригада (корабль) командирі және штаб бастығы қол қояды.

Бригаданың штаб бастығы бейбіт және соғыс уақытында: бригаданың жауынгерлік, жұмылдыру әзірлігіне және жауынгерлік қабілетіне; бөлімдерді (бөлімшелерді) басқаруды ұйымдастыруға және қолдауға, әскерлерді автоматтандырылған басқару жүйесін енгізуге және пайдалануға; жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жоспарлауға; бригаданы басқаруды және жауынгерлік қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін штабты және бөлімдерді (бөлімшелерді) даярлауға; штабтың және оған тікелей бағынысты бөлімдердің (бөлімшелердің) жеке құрамын әскери тәрбиелеуге, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне, оларды қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етуге; бригаданы жеке құраммен жасақтауға, қару-жарақпен және әскери техникамен, зымырандармен, оқ-дәрілермен, аспаптармен, жанармай, жағармай материалдарымен және басқа да материалдық құралдармен жабдықтауға және оларды есепке алу жай-күйіне; бригаданың жауынгерлік міндеттерді табысты орындауына; бригадада әскерлер қызметін ұйымдастыруға; бригаданың лауазымды адамдары мен бөлімдерінің (бөлімшелерінің) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға; заңнаманың, берілген және алынған бұйрықтардың орындалуын бақылауға жауап береді.

Бригаданың штаб бастығы әскери шаруашылықтың жай-күйін білуге және оны жүргізу мәселелері жөніндегі командир бұйрықтарының орындалуын бақылауға тиіс.

Бригаданың штаб бастығы бригада командиріне бағынады, оның бірінші орынбасары және бригаданың барлық жеке құрамы үшін тікелей бастық болып табылады.

Бригада командирінің шешімдерін іс жүзінде іске асыру кезінде штаб бастығы қажет болған жағдайларда бригада командиріне бағынысты адамдарға оның атынан бұйрықтар (өкімдер, бұйырымдар) береді. Берілген барлық анағұрлым маңызды бұйрықтар (өкімдер, бұйырымдар) туралы штаб бастығы бригада командиріне баяндайды.

Бригаданың штаб бастығы жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі құжаттарын әзірлеуге және оларға рұқсат етілген лауазымды адамдардың жұмысына басшылық жасауға, олардың орындалуын бақылауға, штабтың жұмысын ұйымдастыруға және оған күнделікті басшылық жасауға, бригада командирі орынбасарларының, әскер тектері мен қызметтер бастықтарының жұмысын ұйымдастыруға және келісуге, бригада бөлімдерінің (бөлімшелерінің) нақты жағдайы мен жай-күйін ұдайы білуге, оларға қойылған міндеттердің орындалу барысын бақылауға, бригада командирінің нұсқауы бойынша жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуді ұйымдастыруға және оның орындалуын бақылауға, бригада командиріне тікелей бағынысты лауазымды адамдар мен штаб офицерлерінің бөлімшелер мен қызметтердің жай-күйін тексеру жоспарын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жыл сайынғы негізгі демалыстары мен қызметке ай сайынғы нарядтар кестелерін әзірлеуге, олардың орындалуын бақылауға, барлық жауынгерлік қамтамасыз ету түрлерін ұйымдастыруға (байланыс, барлау, инженерлік-саперлік қамтамасыз ету, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету және басқа), бригадада бөлімдерді (бөлімшелерді) басқаруды және олармен байланысты ұйымдастыруға, әскерлерді автоматтандырылған басқару жүйесін енгізуге және пайдалануға, бригада командирінің және үлкен командирлердің (бастықтардың) барлық бұйрықтарын (өкімдерін, бұйырымдарын) бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтерге уақтылы және дұрыс жеткізуді, сондай-ақ олардың орындалуына бақылауды ұйымдастыруға; маңызды бұйрықтарды (өкімдерді, бұйырымдарды) жеке өзі беруге және олардың орындалуын тексеруге, бригада штабының офицерлерімен сабақтар өткізуге, батальондар штабтарын және штабқа тікелей бағынысты бөлімдерді (бөлімшелерді) даярлауға басшылық жасауға, штабтың және оған тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) әрбір офицерінің, сержанттарының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие, педагогикалық дағдылары мен кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге, бригаданы келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтау жөніндегі жұмысты жүргізуге, бригадаға келетін толықтыруды бөлімдер (бөлімшелер) бойынша бөлуге міндетті.

Әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға жоғарылату, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және әскери оқу орындарына түсу, мамандықтар бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға, бригада штабына тиісті бригада командирінің орынбасарлары, әскер тектері мен қызметтерінің бастықтары ұсынатын жеке құрамның, қару-жарақ пен әскери техниканың, басқа да әскери мүліктің бар болуы, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығының нәтижелері, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар, оқиғалар мен тәртіптік теріс қылықтар туралы мәліметтердің есебін жүргізуді ұйымдастыруға, бригаданың Жауынгерлік Туын, ордендерін, вымпелдары мен оларға құжаттарды дұрыс сақтауды және күтіп-ұстауды ұйымдастыруға, бригададағы қарауылдық және ішкі қызметтердің даярлығы мен өткерілуін ұйымдастыруға және аптасына бір реттен жиі емес жеке өзі тексеруге, бригадада жеке құрамның бар болуын, қару-жарақ пен әскери техниканың, басқа да материалдық құралдардың бар болуы мен жай-күйін ұдайы білуге, оларды есепке алуды жүргізуге басшылық жасауға, нарядқа түсер алдында жедел кезекшіге, бригада бойынша кезекшіге, оның көмекшісіне, қарауыл бастығына, кезекші бөлімше командиріне, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшіге және штаб бойынша кезекшіге, сондай-ақ гарнизон шегіндегі рейстерге кетер алдында машиналар жетекшілеріне, іссапарға кететін бөлімдер (бөлімшелер) командирлеріне, командалар бастықтарына, іссапарға кететіндерге нұсқаулар беруге және осы бөлімдердің (бөлімшелердің), командалардың барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілуін тексеруге, жоғары тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есеп берулердің уақтылы ұсынылуын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен әскерге шақыру бойынша офицерлердің істері мен лауазымын қабылдауын, тапсыруын бақылауға, бригаданың тарихи формулярын (тарихи анықтамасын) жүргізуге, оған тікелей бағынысты бөлімдерде (бөлімшелерде) барлық қару-жарақ пен әскери техниканың, басқа да материалдық құралдардың қолда бары мен жай-күйіне, оларды сақтау тәртібін ұйымдастыруға және жылына екі реттен жиі емес тексеру жүргізуге, материалдық құралдарды есепке алуға, қозғалысы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ тексеру актісін ресімдеумен олардың бар болуы мен жай-күйіне кенеттен тексерулерді ұйымдастыруға, іс-шараларды әзірлеуге және бригада жеке құрамының әскерлерді жасырын басқару жөніндегі талаптарды орындауына бақылауды жүзеге асыруға, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жеке өзі басқаруға, шешілетін міндеттер мен жағдай шарттарын ескере отырып, құпия ақпараттың жария болуы мүмкін арналарды жабу жөнінде шаралар қабылдауға, бригаданы жаппай қырып-жою қаруының зақымдау факторларынан және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан қорғау жөніндегі іс-шараларды пысықтауға, бригаданың диверсияға қарсы қауіпсіздігі жоспарын әзірлеуге және оның орындалуын бақылауға, терроризмге қарсы операцияны жоспарлау мен қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезінде басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың терроризмге қарсы құрылымдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға міндетті.

Бригада командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыруға және сапалы өткізуге, жауынгерлік даярлықты есепке алу жай-күйіне; оқу материалдық-техникалық базаны жасауға, жабдықтауға, оны ұдайы жетілдіруге және ақаусыз жай-күйде ұстауға; сыныптық мамандарды даярлауға; спорттық, өнертапқыштық және рационализаторлық жұмыстарға; ішкі тәртіп пен жеке құрамның әскери тәртібін ұстауға жауап береді.

Ол бригада командиріне бағынады, оның орынбасары және бригада командирінің орынбасарларын қоспағанда, бригада барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Штатында бригада командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасарының лауазымы көзделмеген бригадаларда оның міндеттерін штаб бастығы орындайды.

Бригада командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары жауынгерлік даярлықтың тікелей ұйымдастырушысы болып табылады. Ол жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және жүргізуге қатысуға, бригаданың жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуге, офицерлер және сержанттар құрамымен сабақтар, бригаданың бөлімдерімен (бөлімшелерімен) оқу-жаттығу және бақылау сабақтарын өткізуге, жауынгерлік және дене дайындығы бойынша белгіленген есепке алуды және есептілікті жүргізуді, бригада штабына, жоғары тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына жеткізілімдер мен есептіліктерді уақтылы ұсынуды ұйымдастыруға және бақылауға, бөлімнің, ротадан және одан жоғары бөлімшелер әрбір офицерінің, сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, офицерлермен құқықтық, әскери тәрбие және педагогикалық дағдылары мен кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге, дене дайындығы мен спорттық жұмыстарға басшылық жасауға, бригада бөлімдерінде (бөлімшелерінде) жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды және жай-күйін тексеруге, сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуде анықталған кемшіліктерді жоюда бөлімдер (бөлімшелер) командирлеріне көмек көрсетуге, сыныптық мамандарды даярлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жеке өзі өткізуге, бригадада сыныптық біліктілік беру жөніндегі комиссияға басшылық жасауға, озық тәжірибені зерделеу, жинақтау және жауынгерлік оқытуға енгізу жөніндегі жұмысқа басшылық жасауға, сабақтар мен жұмыстардағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша әскери қызметшілермен сабақтар өткізу сапасына бақылауды ұйымдастыруға, сабақтар, оқ атулар мен оқу-жаттығулар өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен қағидаларының орындалуын тексеруге, бригада жеке құрамының қаза табуы мен жарақаттануынан сақтандыру жөніндегі комиссия жұмысына басшылық жасауға, оқу материалдық-техникалық базаның объектілерін жабдықтау және жетілдіру жөніндегі жұмыстарға, осы мақсаттар үшін талап етілетін ақшалай қаражат есептерін әзірлеуге, бригада бөлімшелерін жауынгерлік даярлық үшін арналған материалдық құралдармен, оқу және көрнекі құралдарымен уақтылы қамтамасыз етуді, оларды есепке алуды және күтіп-ұстауды бақылауға, оқу материалдық-техникалық базаның объектілерінде экономикалық жұмыстар жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және олардың орындалуын қамтамасыз етуге, оқу-материалдық техникалық базаның, оқу-жаттығу жауынгерлік топтың техникасы мен қару-жарағының жай-күйін бақылауға, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау, әскери оқу орындарына түсу, жоғары лауазымдарға жоғарылату және курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға міндетті.

Бригададағы әдістемелік жұмысқа, сондай-ақ өнертапқыштық және рационализаторлық жөніндегі комиссияға басшылық жасауға, әскери шаруашылық жай-күйін білуге, аптасына бір реттен сиретпей тәуліктік нарядтың даярлығын және олардың қызмет өткеруін, сондай-ақ бригадада және оның бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі) ішкі жарғылық тәртіпті сақтауды жеке өзі тексеруге, полигондар мен атыс алаңдарын жарылмаған оқ-дәрілерден тазарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, соғыс уақытында жаңа буынның жеке құрамын даярлауды ұйымдастыруға міндетті.

Бригада (1-дәрежелі корабль) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық (тәрбие және идеологиялық) жұмыстар жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында тәрбие, идеологиялық, әскери-әлеуметтік және психологиялық жұмысты, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы насихаттау іс-шараларын, жеке құрамды құрылымды бұзатын идеологияның ықпал етуінен қорғауды ұйымдастыруға және оның жай-күйіне, мемлекеттік идеология және әскери қызмет негіздерін насихаттау бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігіне, жеке құрамның әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту жөніндегі, сондай-ақ жауынгерлік міндеттерді шешудегі ұсыныстарды және шараларды пысықтауға, жеке құрамды конституциялық және әскери борышын үлгілі орындауға жұмылдыруға жауап береді.

Ол бригада командиріне бағынады және бригада командирінің орынбасарларын қоспағанда, бригада барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Бригада (1-дәрежелі корабль) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық (тәрбие және идеологиялық) жұмыстар жөніндегі орынбасары бригаданың (корабльдің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларын жоспарлауға және орындалуын қамтамасыз етуге қатысуға, бригада (1-дәржелі корабль) бөлімшелерінің бағынысты тәрбие және әлеуметтік-құқықтық (тәрбие және идеологиялық) жұмыстар органдары офицерлерінің жұмысын ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға, оларды орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге, бригаданың (корабльдің) ұдайы жауынгерлік әзірлігін ұстауға, жауынгерлік міндеттерді, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы міндеттерін табысты орындауға, жеке құрамның әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйін нығайтуға, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасауға, құрылымды бұзатын идеологияның ықпал етуінен әскерлерді қорғауға, құқықтық негізде дара басшылық қағидатын сақтауға бағыттай отырып, тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге, әскери қызметшілердің ұлттық, психологиялық, діни ерекшеліктерін және білім деңгейін ескере отырып, жеке құрамның оқу-жаттығу және жауынгерлік міндеттерін орындауын моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, оларда жоғары жауынгерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға, әскери қызметшілерде қару-жарақ пен әскери техниканы игеруге және қолдануға ұдайы әзірлікте ұстау үшін, әскери мүлікті сақтау және күтіп-ұстау үшін жеке жауаптылық сезімін тәрбиелеуге, бригададағы (корабльдегі) жауынгерлік сайысты ұйымдастыру және жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің озық тәжірибесін насихаттау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, бастама танытуды және белсенділікті дамытуға, бригаданың жеке құрамын Қазақстан халқына және Президентіне адал болу, ұлтаралық келісім, қазақстандық патриотизм, заңдарды сақтау, әскери борыш пен әскери антқа адал болу, жалпыәскери жарғылар мен командирлер (бастықтар) бұйрықтарының талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізуге, әскери дәстүрлерді, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жауынгерлік достық пен жолдастықты нығайту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

   Мемлекеттік-құқықтық даярлықты ұйымдастыруға және жүргізуге, әскери қызметшілер мен азаматтық персоналды әлемде және Қазақстан Республикасында болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттандыруды жүргізуге, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әскери-саяси ахуалды және олардан туындайтын жеке құрамның міндеттерін түсіндіруге. бөлімшелерді оқу және әдістемелік әдебиетпен, газеттермен және журналдармен, техникалық оқытып-үйрету құралдарымен қамтамасыз етуге, мемлекеттік-құқықтық даярлық топтарының басшыларын теориялық және әдістемелік даярлауды, азаматтық персоналды экономикалық оқытуды жүзеге асыруға, оларға өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін жағдайлар жасауға, бригада орналасқан өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды білуге, жастарды және жеке құрамды патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу, әскери қызмет имиджін және әскери қызметші мамандығының абыройын арттыру, азаматтарды әскери қызметке даярлау және оны халық арасында насихаттау мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, заңнамаға сәйкес әрекет ететін қоғамдық және ардагерлер ұйымдарымен байланысты орнатуға және оны ұдайы ұстауға, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери ұжымдарды шоғырландыру, әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге, Офицерлермен және сержанттармен тәрбие жұмысын жеке өзі жүргізуге, ротадан бастап және одан жоғары әрбір офицердің және сержанттардың (старшиналардың) әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын, олардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға жоғарылату, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін, әскери оқу орындарына түсу және курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға, офицерлерді, сержанттарды тәрбие жұмысын жүргізу практикасына оқытып-үйретуге, оларға жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыруда және жүргізуде әдістемелік көмек көрсетуге, жауынгерлік міндетті орындайтын, ішкі нарядтарда қызмет өткеретін бөлімшелердің жеке құрамын іріктеуге, орналастыруға қатысуға. Аптасына бір реттен жиі емес қарауылдық және ішкі қызметтерді даярлауды және өткеруді жеке өзі тексеруге, бригада психологының жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға міндетті.

Мәдени-бос уақыт орталықтары мен кітапханалардың жұмысын ұйымдастыруға, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени және рухани дамуы үшін жағдайлар жасауға, әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне, азаматтық персоналға қатысты әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізуге, олардың мұқтаждықтары мен сұраныстарын білуге, негізделген ұсыныстар мен өтініштерді уақтылы шешуге, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге шаралар қабылдауға, жеке құрамның денсаулығы, тамақтануы, әлеуметтік және материалдық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту туралы қамқорлық жасауға, өз мамандығы бойынша бригаданың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға және оларды уақтылы игеруге қатысуға, техникалық тәрбие құралдарымен (тұрақты орналасу пункттеріндегі бөлімдер мен корабльдерде және далалық жағдайларда жеке құраммен тәрбие, психологиялық, құқықтық және мәдени-ағарту жұмысын жүргізу үшін арналған автоклубтармен, дауыстап хабарлайтын құралдармен, фотоаппараттармен, кино- және телекамералармен, далалық баспаханалармен, пернелі және басқа да музыкалық аспаптармен, кинопроекциялық және басқа да аппаратурамен) және мәдени-ағарту мүлкімен уақтылы қамтамасыз ету, ақпараттық-тәрбие жұмысы, психологиялық тұрғыдан жеңілдеу және көрнекі үгіт-насихат бөлмелерін безендіру жөнінде шаралар қабылдауға, әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персонал адамдарын жеке мәселелері бойынша қабылдауға, бригада жеке құрамының әскери тәртібі, құқық тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі мәселелері бойынша есеп және есептілік жүргізуге, бригада штабына, жоғары тұрған штабтар мен жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есеп берулерді уақтылы ұсынуға, бригада командиріне және жоғары тұрған әскери басқару органына жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі, жүргізілген тәрбие және мәдени-бос уақыт іс-шаралары, әлеуметтік-құқықтық (идеологиялық) жұмыстар мен әскери тәртіптің және құқық тәртібінің жай-күйі туралы күн сайын баяндауға міндетті.

Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.