Бөржар ауыл округінде 2019 жылдың 6 айында 3 гектарға жылыжай орналасып, мал бордақылайтын 4 алаң жұмысын бастаған. Жанұялық үш сүт қабылдау бекеті іске қосылып, тұрғындарға қызмет көрсетуде. 126 азамат нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқан. 139 азамат бос жұмыс орындарына орналасып, 10 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған.
Бөржар ауыл округінде жыл басынан бері атқарылған жұмыс туралы есеп алған аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы бұл көрсеткіштерге көңілі толмайтынын жеткізіп, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жұмыспен қамту орталығының басшыларына ескерту жасады. Ауыл округ әкімі Ербол Алтынбаев жоспарланған құрылыс пен инфрақұрылым жайын да тілге тиек етті.
Әліпбек Шәріпбекұлы кемшіліктер мен олқылықтарды саралай келе, мамандардың жауапкершілігін қарауды тапсырды. Сондай-ақ, ауыл округ әкімінің жұмысын 9 айдың қорытындысымен қайта бағалайтынын атап өтті.