Бүгін Шымкент қаласында арнайы әскери жиынға шақырылғандар бір тобы Қаратау ауданы, «Астана» шағынауданындағы көпқабатты үйлер мен ойын алаңдарын және аяқжолдар мен аумақты толық залалсыздандыру жұмыстарына кірісті.

Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының әрқайсына 25-тен тең бөлінген сарбаздар өзге де қызметтермен қатар, 14 мамырға дейін қала аумағында жүргізілетін дезинфекциялау іс-шараларын атқаратын болады.

Салалық құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдар сарбаздардың күнделікті тасымалы мен ас-ауқатын ұйымдастырып, олардың толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасайды. ​

Әскерилердің айтуынша арнайы жиынға шақырылған әскери ​ міндеттілер күнделікті таңғы сағат 09.00-мен кешкі 18.00 аралығында жоспарлы жұмыс істеп, сенбі-жексенбі күні демалмақ. ​

Айта кетейік, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру туралы Жарлығына сәйкес әскери жиынға алынған сарбаздардың айлық жалақысы сақталатын болады.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.