«Батыр айқаста танылар». Грек-рим күресінен ұлттық құрамамыз қол жеткізе алмай жүрген алтынды, 58 жасар Қасенхан Серғизиев ұтып берді. Елімізге күрестен үлкен қуаныш алыстан келіп отыр. Себебі, қазақстандық балуан ағамыз Әлем чемпионы атанды. Соңғы 20 жыл бойы Ұлттық құрамамыз жете алмай келген жетістікке 58 жастағы Қасенхан Серғазиев жетіп отыр, деп хабарлайды «q-content» ақпараттық порталының тілшісі.
Биылғы ардагерлер арасындағы Әлем чемпионаты Грузия астанасында өтті. Әлемдік аламанға қайраты тасылмаған балуан ағаларымыз қатысқан екен. «Балуанға оң-терісі бірдей» дегендей Қ.Серғазиев грек-рим күресінен жасыл кілемде қарсыластарын шақ келтірмейді. Соңында Әлем чемпионы атанып қайтты. Шешуші финалдық сында түрік спортшысын үлкен басымдымдылықпен ұтты. Жаркенттік спортшы дүниежүзілік додадағы финалында осылай аяқтады.
Қайсарлығы мен қайраты тасып тұрған ағамыз, еліміздің намысын қорғап жүрген жас балуандарға осылай үлгі болып отыр. Еліміздің жас балуандары әлемдік додаларда жоғарғы орындарда бас көрсетпей жүр. Тіпті, жуырда ғана елордада өткен әлем чемпионатында ұлттық құрамамыз бір алтын да ала алмай, масқара болған болатынбыз.