Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру мақсатында арнайы жиын өткізді деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Құрылыс, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармалары мен мердігерлердің қатысуымен өткен бас қосуда қала аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.
Еске сала кетейік, Шымкентте жылдан-жылға халық санының көбеюіне орай баспанаға деген қажеттілік те артып келеді. Сұраныс ескеріліп қалада тұрғын үй құрылысына басымдық беріліп отыр. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық отырысында баяндалған болатын. Қала тұрғындардың сұраныстары ескеріліп қалада тұрғын үй құрылысына көп басымдық беріліп жатыр. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы елімізде тұрғын үй құрылысы бойынша көш бастаған өңірлер қатарында тұр.Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында 72 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл нысандар Тұран, Бозарық, шағынаудандарынан бой көтереді.
Күн тәртібінде еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар пысықталды.Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен тұрғын үй сапасын жақсартып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай аяқтауды тапсырды. Бұл ретте қала әкімі Мұрат Әйтенов мердігерлердің жауапкершілігін арттыру қажеттігіне тоқталды.Сондай-ақ қала әкімі мердігер мекеме басшыларына қолданысқа берілген тұрғын үйлердің ақауларын тез арада қалпына келтіру қажеттігін жеткізді.
Осы орайда қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жауапты басқарма басшысына әрбір нысанды қабылдауда тиісті талаптардың сақталғанын қатаң қадағалап, сапассыздыққа жол бермеу қажеттігін қатаң ескерткенін де атап өткен жөн.