Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабының даму жоспарына сәйкес Сатқанбаев және Ырсымбетов көшелерінде оршата жөндеу жұмыстары басталды. Қала әкімі М.Әйтенов нысандарда болып, құрылыс қарқынын тексерді.
Еске сала кетейік, жол салу барысында заманауи құрылғылармен жабдықталған жылжымалы зертхана арқылы асфальт қабатының тығыздығы мен сапасы, қолданыстағы материалдардың талапқа сәйкестігі тексеріледі.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында қала әкімі Мұрат Әйтенов
— «Қалада заңсыз құрылысқа жол берілмеу керек. Бұл бағыттағы шараларды күшейту қажет. Сондай-ақ, салынатын құрылыс нысандарын алғашқы кезеңнен бастап барлық талаптарға сай қатаң қадағалаңыздар. Сапасыздықты алдын алу үшін нысандарға қатысты соңғы қорытындыны шығаратын техникалық бақылаушылардың жауапкершілігін артыру қажет» — деген болатын.
Жобаға сәйкес асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 1,4 шақырымды құрайды. М. Дүйсенбекұлы жұмыстарды сапалы жүргізіп, өндірістік кестеге сай шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Жалпы, қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытып жақсы және қанағаттанарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға іс-шара жоспары бекітілген. Бұл жұмыстар аталған жоспар аясында іске асырылуда.
Аталған аумақтағы 11 көшенің 6-ы асфальттелген болса, 5-не шағал тас төселген. Келесі жылы елдімекендегі Жастар, Бердібай, Өтебаев көшелерін асфальттеу жоспарлануда. Осылайша 2024 жылы тұрғын алаптың жол мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады.
Бас жоспарға сәйкес, қала орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне басымдық берілген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі