Шымкент қаласының барлық аумағында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаламызда бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады.

Бүгінгі таңда, қаланың 2 967 көшесіне гипохлорит кальций қоспасын қолдану арқылы арнайы 40 техника көмегімен күнделікті залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда. Бұл ретте, шаһардағы қоғамдық орындар, ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтары, саябақтар, гүлзарлар, аялдамалар, аяқжолдар мен қоқыс жәшіктері арнайы техника және құрал-жабдықтар көмегімен дезинфекциялануда.

Қаланың қоқыс алаңшаларындағы контейнерлер және көпқабатты тұрғын үй аулалары мен кіреберістерін залалсыздандыруға 150 адам жұмылдырылған. Сонымен қатар, қала аумағындағы карантинге жабылған шағынаудандар мен көпқабатты үй аулаларын күнделікті 2 реттен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қалаға кіріп-шығуды тоқтату мақсатында 17 бекет орнатылып, арнайы хауыздар күнделікті гипохлорит кальций қоспасы қосылған сумен екі реттен толтырылуда. Әрбір бекетке биотуалеттер орнатылып, күнделікті қажеттілігіне орай екі-үш реттен тазалық жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыстар қатаң бақылауға алынған.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.