Әл-Фараби ауданы аумағында 926 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 857 көп қабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Аталған көп қабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша «Қуатжылуорталық-3» мекемесімен бірлесе 2023-2024 жылдарға арнайы іс-шара жоспары бекітілді.
Аталған іс-шараға сайкес, аппарат қызметкерлері аудан тұрғындарына жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтарының техникалық жай-күйін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын алдын ала жүргізіп, тиісті мекемемен келісімшартқа тұру маңызды екені ескертілуде.
Әл-Фараби ауданы (бұрынғы Дзержинский ауданы) — Шымкент қаласы құрамындағы әкімшілік-территориялық бөлініс бірлігі, бес ауданның бірі. Жер аумағы — 143,8 км². Халық саны — 201 573 адам (2023).
Әл-Фараби ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан тарихи орталық ауданы саналады. Мұнда қаланың маңызды білім, әкімшілік, тарихи, мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан.
Аудан территориясында 2 мемлекеттік жоғары оқу орындары, қалалық және аудандық әкімдіктер, Шымкент көне қалажұрты, “Ескі қала”, филармония, А.С.Пушкин атындағы кітапхана, “Қиял әлемі” саябағы, “Тәуелсіздік” саябағы, “Кең баба” этносаябағы, Әл-Фараби және Ордабасы алаңдары, ОӘД, «MEGA Shymkent» ОСО, 5 жұлдызды «Rixos» қонақүйі, Қошқар ата өзені жағалауы орналасқан.
Сондай-ақ, ауданда қаладағы алғыз темір жол вокзалы, 20 ұлттық мәдени орталықтары және 15 діни бірлестіктер, 18 өндіріс ошақтары, 30 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар орналасқан.
Әл-Фараби ауданында Шымкенттің ірі магистралдары қиылысады. Шығыстан батысқа қарай Тәуке хан даңғылы, Түркістан көшесі, Ғ.Ильяев, Т.Рысқұлов көшелері, оңтүстіктен солтүстікке қарай Д.Қонаев даңғылы, А.Байтұрсынов, Қазыбек би, көшелері көсіліп жатыр.
Аудан аумағынан Еңбекші мен Әл-Фараби аудандарының шекарасынан бастау алатын Қошқар ата өзені ағып өтеді.