Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде тұңғыш рет барлық жас қазақстандықтар арасында, барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін бірегей әлеуметтік лифт болып табылатын Президенттік жастар кадрлық резерві қалыптастырылуда.

Қазақстан бойынша резервке ниет білдіріп тіркелген 13 215 үміткерден қазіргі таңда 549 жас қазақстандық іріктеліп алынды. Олар қабілеттерді бағалау кезеңіне дайындық үстінде. Еске сала кетейік, қабілетті бағалау кезеңі жобаны қорғау, эссе жазу және әлеуетті бағалау бөліктерінен тұрады. Әлеуетті бағалауға азаматтарымыз Нұр-Сұлтан қаласына жеке барып қатысады.

Ағымдағы жылдың 3 қарашасынан кейін сарапшылық комиссиямен әңгімелесуге баратын 400 азамат белгілі болады.

Аталған Президенттік жастар кадрлық резервіне Шымкент қаласынан түрлі сала мамандары бақ сынасуда. Қазіргі таңда жобада жоғары көрсеткішпен кезеңдерді сәтті өтіп жатқан үміткерлердің 25% мұғалімдер болып табылады.

Нәтижесінде, 330 үміткер Ұлттық комиссияның қарауына жолданып, жоба қорытындысымен іріктелген 300 азаматтың аты-жөндері осы жылдың 25 желтоқсаны күні белгілі болады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.