Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Мангельдин көшесіндегі бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына балалар ойын алаңшасы салынып жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралау барысында Мангельдин көшесі №36 бес қабатты тұрғын үйдің ауласына арнайы көңіл бөліп, жиналған тұрғындармен жүздесті — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Тұран ауданы — Шымкент қаласы құрамындағы әкімшілік бірлік. 2022 жылы 7 шілдеде құрылды. Ауданның аумағы 36,3 мың га (қала аумағының 32%), халық саны – 220,7 мың адамды құрайды.
Тұран ауданы Шымкенттің батыс бөлігінде орналасады. Қаланың солтүстік-батыс жағынан Жаңаталап шағынауданынан Үргінбай ата мен Жанкелді батыр көшелерінің қиылысынан басталады. Одан әрі Жанкелді көшесінің бойымен Бадам өзенінің арнасынан оңтүстік-шығыс бағытта Жаңаталап тұрғын алабын, «Игілік» тұрғын алабын, солтүстікке қарай Қорғасын-2 шағынауданын айналып өтіп, Шардара көшесінің қиылысына жетеді.
Ауданға 16 елдімекен мен тұрғын алабы кіреді. Даңғылдар мен көшелер саны 533 болса, тұрғын үйлер саны 39 883. Ал әлеуметтік нысандар бойынша 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі, 5 саябақ болады.
Шымкент қаласындағы бесінші ауданға атау беру туралы қала әкімі аппаратының басшысы Г. Мауленкулов баяндады. Ол қоғамдық тыңдау өткізіліп, жаңа ауданға «Алаш», «Жібек жолы», «Тұран», «Бадам», «Мәртөбе», «Яссы», «Құрлық» атаулары мен Ш.Қалдаяқов, А.Асқаров, Ж.Тәшенов есімдерін беру бойынша ұсыныс пікірлер түскенін, көпшілік «Тұран» атауын қолдағанын, одан бөлек жергілікті қоғамдастық өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың ұсынымдары да ескерілгенін атап өтті. Нәтижесінде сессия отырысында ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына «Тұран» атауын беру бойынша ұсынысты халық қалаулылары бір ауыздан қолдады.
Аталған тұрғын үй ауласындағы балалар ойын алаңшасының құрылысы биылғы жылдың 10 маусым күні басталған. Жұмысты 6 шілде күні аяқтау жоспарланғандықтан мұнда қазір қарқынды құрылыс жүргізілуде. Сондай-ақ, дәл осындай құрылыс жұмыстары Төменгі Отырар шағын ауданындағы 15/1 көп қабатты тұрғын үй ауласында да жүргізілуде. Мұндағы балалар ойын алаңшасын да 6 шілдеге дейін аяқтау міндеттелген. Қала әкімі мұндағы аула тұрғындарымен өзекті мәселелерді қозғап, әңгіме өрбітті.
Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындармен кездесу сәтінде абаттандырылған ауланы әрі қарай күтіп ұстауды, мұндай реконструкциялық жұмыстар әр бес жылда іске асатынын ескертіп өтті.
Айта кетейік, Мангельдин көшесі №36 тұрғын үйден бөлек қазір №34, 36 а тұрғын үйлердің ауласына да ойын алаңшалары орнатылуда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі