Жыл соңында футбол жанкүйерлері асыға күтетін «Алтын доп» марапаттау рәсімі бүгін өтеді. Бес-бес алтын допатары бар Роналду мен Мессидің текетіресіне қосылған Салах пен Ван Дейктің де жеңімпаз болуы әбден мүмкін.
Өткен жылғы «Алтын допты» күтпеген жерден хорват Лука Модрич жеңіп алған еді. Жақында «фейктік» аккаунттардың бірінде бүгінгі «Алтын допта» Мессидің жеңімпаз атанғаны жария болды. Алайда, бұл шындыққа алыс ақпарат деуге болады. Жалған ақпаратта екінші орында Ван Дейк, Салах үшінші және төртінші орында Роналду жайғасқан екен.
Бұл сенуге болмайтын ақпараттардың бірінде, өткен жылы да «Алтын допта» Мессидің жеңімпаз атанғаны туралы алдын-ала ақпарат тарап кеткен еді. Алайда, 2018 жылдың «Алтын добы» Лука Модричке табысталды.
Биылғы жылдың «Алтын добын» сіздің ойыңызша кімге берілгені дұрыс? Сондай-ақ, өз тізіміңізде «үздік бапкер», «үздік шабуылшы», «үздік қорғаушы», «үздік қақпашы» иегерлерін атап кетіңіз?