Тұтынушы құқығын қорғау бүгінде өзекті мәселе. Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының Оспан Әбиев Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференцияда айтты.

Спикердің айтуынша, тұтынушы құқығының бұзылуының басты себебі – сатушылардың, бизнесмендердің, өндірушілердің заңсыз әрекеттері. Тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда тұтынушы кәсіпкерге наразылық жаза алады, осылай екі жақ келісімге келе алады. Егер екі тарап бір шешімге келе алмаса, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаментке және сотқа жүгіне алады. Осы ретте, дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар, ұялы телефондар, шұлықтар өсімдіктер, жануарлар, өлшеніп сатылатын тауарлар (мата, кабель, кілем, іш-киім және т.б) тұтынушылар қайтара алмайтын тауарлар болып есептеледі.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 30-бабына сәйкес, тауарды 14 күннің ішінде тұтынушалар тауарды айырбастауға немесе қайтарып беруге құқылы. Кимімнің немесе заттың түсі ұнамай қалса айырбастай алады. Бірақ бірнеше тарап ескерілуі қажет. Яғни тауар бүлінбеуі, этикеткасы жұлынбауы және тауарды сатып алғаны туралы құжат, чек, дәлел болуы міндетті. Егер аталған талаптар болмаса тауарды қайтару екі талай.

Тауарды қайтару үшін ең алдымен заттың сол жерден сатып алғаны дәлелдену қажет. Мәселен, чек немесе келісімшарт болуы. Ал ол екі құжат болмаған жағдайда фото, видео, куәгерлер сатып алуды растай алу қажет. Чек берілмеген жағдайда салық комитетіне шағым түсіруге болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.