Telegram мессенджері немесе enbek.kz сайты арқылы да өтініш жолдауға мүмкіндік бар

Орын алған төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 42 500 теңге жәрдемақы алатын азаматтардың тізімін кеңейтуді тапсырған болатын. Табысынан айырылған азаматтардың мәселесі бойынша және бөлінетін жәрдемақыға қатысты ақпараттық-коммуникациялық орталығында брифинг өтті. Брифингке төрағалық жасаған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бірақатар сұрақтарға нақты жауап берді. Бұл туралы q-content.kz ақпараттық порталының тілшісі хабарлайды.

Мақсұт Исахов БАҚ құралдарының өкілдері тарапынан қойылған басқа да сұрақтарға арасында жауап беріп отырды. Әрине, жиналыс негізгі 42 500 теңгенің төңірегінде айтылды.

М.Исаховтың: «… Жәрдемақыға өтініш беру үшін электронды цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті емес» деп отыр.

Сондай-ақ, ЭЦҚ арқылы немесе көрсетілген нөмірге СМС хабарлама жіберу арқылы бір реттік парольмен электронды үкімет порталында тіркелу керек. Оң жақ бұрышта аты-жөніңіз шығады, соған басып, «Электронды өтініштер» сервисін таңдау керек. «Мемлекеттік қызметтің атауы» деген бағаннан «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлем тағайындау» дейтін қатарды таңдайсыз. Өз облысыңызды немесе республикалық маңыздағы қаланы таңдау қажет. «Алушы» деген жолға өз қалаңыз бойынша «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын» көрсету, «Мазмұны» деген жерге «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік төлем тағайындау» деп көрсету керек екен.

Ары қарай аты-жөніңізді, мекен-жайыңыз, ЖСН, телефон нөмірі және екінші деңгейлі банктегі есепшот нөмірін көрсетіп, еркін формада өтініш толтырасыз. Өтініште қай жерде, қандай жұмыс істегеніңізді, қай уақыттан бастап табыстан айырылғаныңызды жайлы ақпарат бересіз.

Ал, жәрдемақы ресми тіркелмеген жұмысшыларға (такси жүргізушілері, саудагерлер, арба айдайтын азаматтар, жүк тасушылар, шаштараздар, даяшылар және т.б. ) да төленеді. Бір ғана талап — ресми тіркелмей жұмыс істеген азаматтар соңғы 11 айда ең кемінде БІР РЕТ БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ төлеген болуы шарт. Оның көлемі: қалаларда – 1 АЕК (2 650 теңге), ауылды жерде – 0,5 АЕК (1 325 теңге).

Мысалы, бұған дейін бірыңғай жиынтық төлем жасамаған болсаңыз енді төлеу арқылы да жәрдемақыға қол жеткізуге болады. Бұл төлемді кез келген екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасы арқылы төлей аласыз.

Басқа да жағдайда азаматтар қарапайым ұялы телефон арқылы да бірыңғай жиынтық төлем төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін 5505 қысқа нөміріне латын графикасындағы бас әріптермен «GOROD ESP + ЖСН нөмір» (ауылда тұрсаңыз «SELO ESP + ЖСН НӨМІРІ») деген хабарлама жібересіз. СМС хабарлама жіберу үшін ұялы телефон нөміріңіздің теңгерімінде жеткілікті.

Әлеуметтік сақтандыру қоры өтініш берілген кезден бастап, бір жұмыс күнінің ішінде шешім қабылдап отырады. Жауап ертерек берілік отырады. Жәрдемақы 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей алушының есепшотына түсуі керек.

М.Исаховтың айтуынша, E-GOV порталына қосылуға мүмкіндік болмаса, Telegram мессенджері немесе www.enbek.kz сайты арқылы да өтініш жолдауға мүмкіндіктер қарастырылған.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.