Мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан «Алтын асық» бағдарламасы арқылы Түлкібас ауданының шаруалары асыл тұқымды ұсақ мал басын көбейтуде. Мәселен, биылғы жылы облыс тарапынан ауданға 1430 бас жоспар белгіленген болса, бүгінгі таңда 7 айлықтың қорытындысымен жоспар 100 пайызға орындалып отыр.
Жыл басынан бері бағдарлама арқылы ауданымызға қарасты «Әділет» шауа қожалығы 275 бас аналық, 11 бас қошқар, «Мырза» шаруа қожалығы 300 бас аналық, жеке кәсіпкер Бекетов Е.Т 255 бас аналық, «Дүйсенбек» шаруа қожалығы 600 бас аналық асыл тұқымды қой алып, көбейтуде.
Сөзімізге нақты мысал келтірсек мал шаруашылығында «Алтын асық» бағдарламасы бойынша ауданда өткен жылы 2923 бас уақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 287 бас жылқы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2777 мүйізді ірі қара алынып, 227 бірлік 10-15 бас шағын мал бордақылау алаңдары ашылған. Сондай-ақ 45 бірлік 5-10 бас малға арналған шағын жанұялық сүт аулалары құрылып, жоспар толық орындалған. Өткен жылдармен салыстырғанда ірі қара мал 110,9 пайызға, уақ мал 107,5 пайызға, жылқы 112,1 пайызға, түйе 118,2 пайызға, құс 102,6 пайызға өскен. Өткен жылы Шілік ауыл округінен «Нұр-Шілік» селолық түтыну кооперативі құрылып, қазіргі уақытта мал сою алаңы, сүт өңдеу цехының құрылыс жұмыстары аяқталған.