Ақпараттық-коммуникациялық орталығында мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауын насихаттауға байланысты ұжым арасында жиын өткізілді. Орталық директоры А. Сүйеубекова елдегі алдағы реформалардың бағыт-бағдары айқындалған Жолдауда айтылғандарға тоқтала отырып, ұжымның да осы Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалуына үлес қосуы керектігіне тоқталды.
Жиынға қатысқандар өз кезегінде Жолдау туралы ойларын ортаға салды. Олар Жолдауды маңызды реформалардың жалғасы екенін айта келе, онда экономикалық бағытқа басымдық берілгенін жоғары бағалады.
Әсіресе, жаһандық проблемалар: электр қуаты, су ресурстары мәселелері қамтылып, оны шешу үшін нақты тапсырмалар берілгеніне назар аударды. Ал сан түрлі саладағы серпінді бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетіні хақ. Сондай-ақ, көрсетілген тапсырмалар жүзеге асса, елдегі жұмыссыз жастар азайып, кәсіби мамандар саны арта түсетінін де айтты.
Жалпы бас қосқан жиында Мемлекет басшысы қолға алып отырған саясат халықтың әл-ауқатын арттыруға және баршаға тең мүмкіндік беруге бағытталғанын айтқан ұжым, алдағы уақытта Президент белгілеп берген міндеттердің іске асырылуына атсалысып, қаламызда Жолдау аясында іске асырылып жатқан барлық іс-шаралар туралы халыққа ақпарат таратып, насихаттауда еңбек ететіндіктерін жеткізді. Осылайша қазақ елінің жарқын болашаққа қадам басуы жолында бағыт-бағдар беретін Жолдауға қолдау білдірді.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.