Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында «Кездесуге қадам» атты күзгі шығармашылық фестиваль өтті.

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен және «ARMAN ALEMI» коалициясының ұйымдастыруымен өткен шараға «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары арнайы қонақ ретінде келіп, ерекше балаларды фестивальдің басталуымен құттықтап, оларға сый-сияпат жасады.

Фестивальге Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты арнайы ұйымдар, кәсіптік колледждер мен инклюзивті сыныптардың ұстаздары мен шәкірттері атсалысты.

Іс-шараның аясында Ә.Қастеев атындағы дизайн және өнер колледжінің студенттері мен қолөнер шеберлері қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қойылған бұйымдар қайырымдылық мақсатында сатылымға шығарылды. Одан түскен қаржы ерекше балалардың қажеттілігіне, еміне жұмсалады.

Мұнан бөлек ерекше балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін Оқушылар сарайы
мен Шымкент Саз колледжінің студенттері ән мен биден шашу шашты. Сондай-ақ, танымал киім дизайнерлері ұлттық киімдер мен салтанатты киімдердің дефилесін өткізді.

Айта кетейік, Шымкенттегі мектептерде ерекше қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалған. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде 800-ден астам бала инклюзивті білім алады.
Сондай-ақ, қалада 5 арнайы мектеп-интернат жұмыс та жұмыс істеп тұр.

«Шымкент келбеті»,
Фота Серік ҚОСАЕВ.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.