Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сәкен Қалқамановты қабылдады.

 

Өңір басшысы Сәкен Амангелдіұлының облысты дамытуға сіңірген еңбегін, Түркістанға қосқан үлесін атап өтіп, алғыс хат табыс етті.

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымын босатқан Сәкен Қалқаманов өңірде спорт, туризм, білім, мәдениет және идеология салаларына басшылық жасады. Ол Арыс және Мақтааралдағы төтенше жағдай кездерінде өзін шебер ұйымдастырушы ретінде көрсете білген болатын. Бұған дейін журналистика саласында, квазимекмлекеттік ұйымдарда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет еткен Сәкен Қалқаманов 2019 жылдың тамыз айынан бері Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.