Шымкент қаласының медициналық ұйымдар желісіне 36 медициналық ұйым кіреді, оның ішінде 13 емхана, 15 стационар, 1 диагностикалық орталық, 7 басқа бейіндегі ұйымдар.

Денсаулық сақтау саласынның міндеттері:

1) ана мен бала денсаулығын нығайту;

2) әлеуметтік маңызы бар аурулардың салмағын төмендету;

3) салауатты өмір салтын дамыту;

4) медициналық көмектің сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру;

5) медициналық мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету.

Халық үшін БМСК ұйымдарының қолжетімділігі және қаланың стационарлық ұйымдарының жағдайы бойынша ағымдағы жағдай талданды. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымының жағдайын жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар әзірленді.

15 жылға жуық жөндеу көрмеген №1 қалалық клиникалық ауруханасына қазір жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін қала әкімі М. Әйтенов 520 төсек-орындық емдеу мекемесіндегі құрылыс барысын қадағалады. Қазіргі таңда ғимараттың К корпусының жұмыстары аяқталып келеді.

Жобада ғимараттың кәріз желісін, едені мен қабырғасын, жылу беру жүйелерін жаңалау қарастырылған. Сондай-ақ құрылысшылар ескірген есік-терезелерін толығымен ауыстырып, емдеу кабинеттерін заманауи үлгіде жасақтайды. Жобаға сәйкес осындай жұмыстар аурухананың А және Б корпустарына да атқарылатын болады. Өндірістік кестеге сай құрылыс келер жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.

М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс сапасын жиі бақылап, ғимараттың науқастар үшін қолайлы жасақталуына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.