Шымкент қаласы әкімі аппараты бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16.03.2020 ж. сағат 08:00-ден 15.04.2020 ж. сағат 07:00-ге дейінгі уақытқа төтенше жағдай енгізілгенін хабарлайды. Төтенше жағдайдың кезеңінде санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, барлық адамдар көп жиналатын объектілердің және іс-шаралардың қызметіне уақытша шектеулер қойылған.
Осыған орай, қала әкімі М.Әйтеновпен және қала әкімінің орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы тоқтатылады. Сонымен қатар, өтініштер мен хаттарыңызды электронды түрде электрондық Үкімет «E-gov» арқылы және қала әкімдігінің ресми сайтында «Shymkent.gov.kz» орналасқан виртуалды қабылдау арқылы, «Қазпошта», қала әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы, сондай-ақ, (+77477201717) Whattsap мессенджері арқылы жолдауыңызға болатынын назарларыңызға жеткіземіз.
Анықтама телефондары: (87252) 24-73-09
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.