Шымкенттегі № 2 Оқушылар сарайы биыл шілде айында ашылып, тамыздан оқушыларды «Mindal24.kz» электронды порталы арқылы қабылдауды бастады. Қазір мұнда 4 730 бала бар. Олар 6 бағыт бойынша 65 үйірмемен қамтылған. Бұл туралы бүгін аталған мекеме директоры Данияр Егізбаев республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері жасаған баспасөз-турында айтып өтті.

№ 2 Оқушылар сарайы — 5 000 оқушыға шақталған үш қабатты типтік ғимарат. Жалпы аумағы 2,27 гектарды құрайды. Ғимарат ішінде 232 оқу кабинеті бар. Соның ішінде  биотехнология, бағдарламалау, 3D модельдеу, практикалық физика, химия мен робототехника, гидропоника, КИП және автоматика, ағаш өңдеу, қыш өнері, фото-видео монтаждау, драма, сенсорлық, лингвистика кабинеттері мен медиа-зал қарастырылған. Барлық үйірме заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған. Қосымша футбол, баскетбол, волейбол алаңдары да бар.

Мекеме директорының айтуынша, балалар қауіпсіздігі үшін 1 стационарлық және 37 мобильді дабыл түймесі, 4 турникет, 60 бейнебақылау камерасы қойылған.

— Біздің міндет — балалардың уақытын сапалы ұйымдастыру. Ашылғанымызға көп бола қоймаса да, шәкірттеріміздің алды Түркияда өтетін халықаралық жарыстарға жолдама ұтты. Жалпы республикалық көлемде әртүрлі бағыт бойынша 11 оқушы бас жүлдемен оралса, қалалық көлемде 46 бала бірінші орын, 23 бала ІІ орыннан көрінді, — дейді Д. Егізбаев.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.