Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында ‘’i-shуmkent” ситуациялық орталығының жұмысын жақсарту тетіктері пысықталды.
Орталық ашылғалы орталыққа 530 431 арыз-шағым түскен. Соңғы кездері қоғамдық көліктердің жұмысына, жөндеу жұмыстарына қатысты жарықтың сөнуіне, судың тапшылығына байланысты арыздар жиілеген. Жиында азаматтар тарапынан түскен талап-тілектерді орындауда туындаған өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
24/7 тәртібінде жұмыс істейтін орталыққа халық бірыңғай 109 нөмірі және арнайы әлеуметтік желілер арқылы хабарласа алады. Бүгінде орталық мамандары біліктілікті арттыру мақсатында арнайы курстардан өтуде.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға әрбір арыз-шағымға толық, сапалы жауап беріп, тиісті шаралардың қолданылуын бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде белсенділікті арттырып, халықпен кері байланысты күшейту қажеттігін ескертті.
«i-Shymkent» орталығына төмендегі байланыс арналары арқылы өтініш қалдыра аласыздар:
1. Қалалық және мобильді операторлардан 109 бірыңғай номеріне тегін қоңырау шалу;
2. What’s App: +7 7777 109 109;
3. Instagram: @ishymkent109
4. Facebook: @IKomek Shymkent
5. Telegram-bot: @shymkentonlinekz_bot
Орталыққа төменде көрсетілген мәселелер бойынша хабарласа аласыздар:
- Ауланы абаттандыру;
• Ауланы жарықтандыру;
• Отынмен қамтамасыз ету мәселесі;
• Қаланы сумен жабдықтау;
• Өндірстік жұмыстардан кейін қалпына келтіру;
• Газбен жабдықтау;
• Лифт жұмысы;
• Қалалық жол инфрақұрылымдары;
• Денсаулық сақтау;
• Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау;
• Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
• Қоғамдық көлік;
• ПИК жұмысы;
• Тұрмыстық қалдықтар;
• Су басу;
• Ашық құдықтар;
• ТШК (су,жылу, электр-энергия);
• БЖЗҚ бойынша;
• Білім беру мәселелері;
• Заң және тәртіп және тағы басқа мәселелер бойынша.
Келіп түскен барлық өтініштер өңделеді және тіркеу нөмірі беріліп, тұрғындар өтініштерінің арнайы тізіміне енгізіледі. Мәселені белгіленген мерзімде шешу үшін әрі қарай мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жіберіледі.
Жоғарғыда көрсетілген салалар бойынша туындаған мәселелер болса, бізге хабарласыңыздар. Көмек көрсетуге, шешімін табуға ықпал жасауға дайын!
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі