Түркістан облысы, Шардара ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды q-content.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен бұл қызметті Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлы атқаратын болды.
Қайрат Жолдыбайұлы 1981 жылы 5 мамырда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында туған, білімі жоғары, біліктілігі экономист-менеджер бакалавры. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистрі.
Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарын және ғылымды қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2003-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік сатып алулар және жекеменшік бөлімінің жетекші маманы, ҚР Қаржы министрлігінің бірқатар Комитетінде бас маман, бас сарапшы, бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Шардара ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2019 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы, Ордабасы ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.