Тұран ауданы аумағындағы айналма жолдардың жиегі көпжылдық гүлдермен көмкерілуде. Сальвияның- 6 000, цинерарияның – 2500, остеоспермумның – 1500, шафранның – 6000 данасы белгіленген аумақтарға отырғызылуда.

Алдағы уақытта арнайы орындарға жалпы саны 550 мың түп көпжылдық және біржылдық гүлдерді отырғызу жоспарлануда. Көріктендіру шараларына жұмысшылар мен техникалар жұмылдырылып, агрономдар мен дизайнерлер атсалысуда.

Қала аумағында магистральді көшелер көгалдандырылып, жасыл желектер тұрақты тұрде ретке келтірілуде. Арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштарға күтім жасауда.
Көгалдандыру шараларына жұмысшылар, техника және көгалшапқыш жұмылдырылуда.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.