«Әділ заң – аспан тірегі» Ю.Баласағұни
«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкі жоқ» деген екен Ш.Уәлиханов атамыз. Өмір сүріп жатқан қоғамымызда әділдік пен зұлымдық кейде қатар келіп қалады. Осы кезде әділдіктен айырылып қалмау үшін көрегендік пен білім аса қажет. Шешім қабылдайтын адамда ол қасиеттер болмаса, зұлымдықтың жеңіп кетуіне үлкен мүмкіндік туады. Әрине әділдікті іздейтен адамның бойында басқа да жақсы қасиеттер көрініп тұру керек. Барлық уақытта әділ болу көп адамның қолынан келе бермейтін шаруа. Іштей әділдікті қалап, зұлымдығын сыртқа шығарып алатын адамдар қызметте де өспейді.
Қазақстан Респбуликасының Әділет министірі Марат Бақытжанұлының тұсында қоғамды түзетуде, адам құқығының қорғауда үлкен істер атқарылды деп айта аламыз. Әділет министірлігіміздің тиянақты жұмыстарының арқасында халықаралық ынтымақтастығымыз да күшейтіп алдық. Және де елдегі азаматтардың мыңдаған өтініштерін қарап, әділ шешім шығаруға өз ықпалын тигізіп отырды. Әрине, әлі алда атқарылатын шаруалар аз емес.
Қысқаша Әділет Министрліктің Ішкі аудит басқармасымен 2019 жылдың 1-жартыжылдығында атқарған жұмысына тоқталсақ: Аудиторлық іс-шаралармен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 3 694 923,6 мың теңгені құраған болып шықты. Ал, аудит нәтижелері бойынша 174 622,2 мың теңге жалпы сомаға бұзушылықтар анықталып, оның ішінде өтелуге және қалпына келтірілуге тиіс сома – 4 223,5 мың теңгені құраған.
Шымкент қаласының Әділет Департаментінің 2019 жылдың 9 айда атқарған жұмысы да ауыз толтырып айтарлық. Қысқаша тоқталатын болсақ. 2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында Шымкент қаласындағы адвокаттардың жалпы саны -368-ді құраған екен. Бір аумақтық адвокаттар алқасы, бес заң консультациясы,16 адвокаттық кеңсе жұмыс жасайды. Және де 290 нотариус жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, 143 жеке сот орындаушы және оның ішінде 4 аумақтық бөлімдердің құрамында 4 мемлекеттік сот орындаушы қызмет жасауда.
Ағымдағы жылы 205,3 млрд. теңгені құрайтын 200 182 атқарушылық өндірістерінің ішінен 88 млрд. теңгеге 71 104-нің ісі жүргізіліп, 6,7 млрд. теңгеге 42 030 атқару құжаттарының талаптары нақты шешімін тапқан.
Жыл басынан 99 алимент төлемей жүрген азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заң шеңберінле жауапқа тартылған.
174 борышкер жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажеттілігі жайлы ескертіліп, оның 15-і жұмыссыз ретінде тіркеліп, 10 жұмысқа орналасқан.
Асылбек Түйетаев