Әл-Фараби ауданына қарасы көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы және орталық көше бойларында 120 мекенжайға бұрын сыйымдылығы 387 контейнерлік алаңша болса, ағымдағы жылы қосымша 166 контейнерлік алаңшаға көбейтіліп, жалпы 553 контейнерге арналған жабық түрдегі жаңа қоқыс алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Әл-Фараби ауданы (бұрынғы Дзержинский ауданы) — Шымкент қаласы құрамындағы әкімшілік-территориялық бөлініс бірлігі, бес ауданның бірі. Жер аумағы — 143,8 км². Халық саны — 201 573 адам (2023)
Әл-Фараби ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан тарихи орталық ауданы саналады. Мұнда қаланың маңызды білім, әкімшілік, тарихи, мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан.
Аудан территориясында 2 мемлекеттік жоғары оқу орындары, қалалық және аудандық әкімдіктер, Шымкент көне қалажұрты, “Ескі қала”, филармония, А.С.Пушкин атындағы кітапхана, “Қиял әлемі” саябағы, “Тәуелсіздік” саябағы, “Кең баба” этносаябағы, Әл-Фараби және Ордабасы алаңдары, ОӘД, «MEGA Shymkent» ОСО, 5 жұлдызды «Rixos» қонақүйі, Қошқар ата өзені жағалауы орналасқан.
Сондай-ақ, ауданда қаладағы алғыз темір жол вокзалы, 20 ұлттық мәдени орталықтары және 15 діни бірлестіктер, 18 өндіріс ошақтары, 30 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар орналасқан.
Әл-Фараби ауданында Шымкенттің ірі магистралдары қиылысады. Шығыстан батысқа қарай Тәуке хан даңғылы, Түркістан көшесі, Ғ.Ильяев, Т.Рысқұлов көшелері, оңтүстіктен солтүстікке қарай Д.Қонаев даңғылы, А.Байтұрсынов, Қазыбек би, көшелері көсіліп жатыр.
Аудан аумағынан Еңбекші мен Әл-Фараби аудандарының шекарасынан бастау алатын Қошқар ата өзені ағып өтеді.
Қалаға жер қосылғанға дейін аудан толығымен тығыз урбандалған аумақта орналасты. Алайда аудан іріленгеннен кейін, оған жалпы халық саны 20 мың тұрғыннан асатын Тассай, Таскен, Мәртөбе, Достық, Қызылсай, Текесу және Тәжірибе елді мекендері келіп қосылды.
Аудан аумағында 372 көше, 776 көпқабатты үй, 21886 жеке үй орналасқан.