Шымкент қаласының әкімдігі коронавирусты пандемия деп танылуына байланысты ҚР Президентінің Жарлығын жүзеге асыру бойынша арнайы дайындық жұмыстарын жүзеге асыруды бастады.
Шымкентте төтенше жағдай кезінде нысандар қалай жұмыс істейтіні жөніндегі мәлімет төмендегідей:
Ірі сауда объектілерінің, сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеу уақыты сағат 10:00- ден 18:00- ге дейін шектелген ( азық- түлік дүкендері мен супермаркеттерді қоспағанда);
Азық-түлік дүкендері, азық- түлік супермаркеттері мен азық- түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді;
Киім-кешек базарларының жұмысы сағат 11:00- ден 17:00-ге дейін шектелді. Барлық сауда объектілерінде санитарлық-эпидемияға қарсы іс- шараларды тұрақты жүргізілуі тиіс. Қоғамдық тамақтану орындарында, оның ішінде СОО фуд-корттарында дезинфекция жүргізілетін болады;
Азық- түлік қауіпсіздігі шараларын тиімді іске асыру , оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үздіксіз жеткізу және бағаны тұрақтандыру қамтамасыз етіледі;
Қоғамдық көлік соңғы аялдама пункттерінде және жуу орындарында автобустарға дезинфекция жүргізу арқылы бұрынғы режимде жұмыс істейді;
балабақшалар медициналық және санитарлық бақылауды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады;
мектептен тыс қосымша білім беру объектілерінің ( оқушылар сарайы, аула клубтары, үйірмелер, секциялар, компьютерлік клубтар) қызметі тоқтатылды, сондай-ақ барлық спорт нысандары жабылды. Оқу-жаттығу жиындары, спорт түрлері бойынша жаттығулар, барлық деңгейдегі жарыстар тоқтатылды;
ойын-сауық, спорттық (көрермендердің қатысуынсыз өткізілетіндерді қоспағанда) және басқа да бұқаралық іс- шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынады;
кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көңіл көтеру орындарының (түнгі клубтар, караоке, барлар, компьютерлік клубтар, фитнес-орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер, моншалар) және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатылды;
мейрамханалар, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22:00-ге дейін шектелген, бұл ретте бір жолғы адамдардың саны 50 адамға дейін шектеу;
кафеде, мейрамханаларда кальян (қорқор) пайдалануға тыйым салынады;