Түркістан облыстық гір спорты және армрестлинг федерациясы, Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ және Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, биылғы мектеп бітіруші түлектеріміз «Шардара Армспорт» спорт клубының 11 даңқты спортшылары мемлекеттік Грант иегерлері атанып, қуанып отырған жайымыз бар.

Шымкент қаласындағы , Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педогогикалық университетінің студенті атанған даңқты спортшыларымызды атап айтар болсақ №1 Мұхтар Әуезов мектебінің түлектері, Қазақстан Республикасының спорт шебері Абдрахман Бекбол, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер Құрманәлі Құттыбай, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айтбек Бекет, Ауыр атлетіміз Берікболсын Нұрхат. №12 жалпы орта мектебінің түлектері, Қазақстан Республикасының спорт шебері Әуесбек Медет, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер Молдалы Шадияр. Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің түлектері , Қазақстан Республикасының спорт шебері Қалдарбек Нұрхат, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер Иса Бақдаулет және Қарлыбай Бақберді. Шардара жалпы орта мектебінің түлегі, Қазақстан Республикасының спорт шебері Зиядулла Мақпал. С.Құрманғазы атындағы жалпы орта мектеп түлегі, Қазақстан Республикасының спорт шебері Ерсайын Мейрамбек жоғары спорттық жетістіктері арқылы білім грантын жеңіп алды. Тағы бір айта кететін жәйт- Қалдарбек Нұрхат пен Зиядулла Мақпал Қазан айының аяғында Румыния елінің Константа қаласында өтетін армрестлингтен әлем чемпионатына қатысса, Әуесбек Медет Қараша айында Сербия елінде өтетін Гір спортынан Әлем чемпионатына қатыспақ.Студент жерлестеріміз ол додадан алтыннан алқа тағынып келетініне сеніміміз зор.

Мемлекеттік Грант иегері атанған спортшыларымызды құттықтай келе, білікті маман атанып, елге қызмет ететін салихалы азамат болуларын тілейміз!!! 

«ShardaraArmsport-news”

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.