Мексикалық боксшы Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО) пен америкалық Дэниэл Джейкобстың (35-2, 29 КО)  салмақ өлшеу рәсімі төбелеске ұласа жаздады.  Орта салмақтағы кәсіпкқой боксшылардың жекпе-жегі 05 мамыр күні, сағат 07:00 шамасында басталады.

Кешегі салмақ өлшеу рәсімінде тараздың тілінде Альварестің салмағы 159,5 (71,5кг) фунт болса, Джейкобстікі 160 (72кг) фунтты көрсетті. Орта салмақтағы лимит – 160 фунттан аспау керек .

Орта салмақты билеп тұрған екі боксшының жекпе-жегі 5 мамыр күні Лас-Вегаста (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтпек. Бұл «батырлар соғысында» әлем чемпионының үш титулы сарапқа салынады – WBA Super, WBC және IBF. Және де америкалық боксшының WBO белбеуі де сарапқа салынады. Төрт белбеудің төрелігіне, ұйымдастырушыларға төрешілерді де іріктеу оңайға соқпады.

Мексикалық «Канело» төрешілермен «жабылып» жүріп,
өткен жылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен төрт белбеуді де «ұрлап» кеткен болатын. «Канелоның» мықты боксшы екені сөзсіз. Алайда, жерлесіміз Головкинмен өткізген екі кездесуде де «GGG»-міз басымдылығы әлемдегі көпшілік көзге көрініп тұрды.

Жерлесіміз Геннади Головкин де жаңа бапкерінің қол астында, биыл алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Алға Гена!

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.