Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы айтты.

«Төтенше жағдайлар Департаменті рейдттік іс-шара барысында Шымкент қаласы бойынша 370-ке жуық өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын анықталды. Оларды жоюға Департамент тарапынан меншік иелеріне ұсыныс беріліп, мүдделі мекемелерге хаттар жолданды. Рейдттік іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 750-ге жуық азаматпен әлеуеметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша азаматтардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі талаптарына аса мән бермейтіндігі, өрт орын алған жағдайда іс-шаралар кешенін білмейтіндігі анықталды»,- деді Е. Отарғалымұлы.

Департамент тарапынан, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдың алдын алу жүйесін жетілдіруге, халықты және экономика объектілерін өртке қарсы қорғау деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Брифинг барысында Еркін Отарғалымұлы Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы айтып өтті.
– ақаулы немесе қолдан жасалған электр құрылғыларын пайдаланбаңыз, қосулы электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз:
– кемінде үш айда бір рет мұржалар мен пештерді күйеден тазартыңыз.
– пешті шамадан тыс қыздырмаңыз және пеште саңылаулардың орын алуна жол бермеңіз;
– жылыту пештері мен газ қондырғыларына тек арнайы мамандардың көмегі арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізіңіз;
– жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларға балалардың қадағалауын тапсыруға тыйым салынады;
– балаларды қараусыз қалдыруға және сіріңке мен оттықты балалардың қолы жететін жерде сақтауға жол бермеңіз;
– пештердің жанында заттарды кептірмеңіз;
– өрт ошағын байқаған сәтте, дереу «101» және «112» құтқару қызметіне хабарлаңыз.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.