Биыл Шымкент көшелері 70 пайыз жарықтандырылады.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қалада жарықтандырылған көшелердің қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. 2020 жылы мегаполистегі орталық маңызы бар 747 көшенің 220-сына ғана жарық жүйелері тартылған болатын.
Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдар аралығында 312 көшені жарықтандыру жоспарланып, бұл бағытта тиісті келісім шарттар жасалды.
Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін қалада 104 көшені жарық жүйелеріне қосу жоспарланып отыр. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Нәтижесінде, жарықтандырылған көшелер санын 532-ге, яғни 70 пайызға жеткізу көзделуде.