Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2019 жылғы 14-16 қазан күндері жалпы республикалық «Адалдық сағаты» іс-шарасын жариялаған болатын. Бүгін осыған орай Түркістан облыстық мәдениет басқармасында «Адалдық сағаты» шарасы аясында арнайы жиын өтті.
Жиында басқарма басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан баяндама жасап, адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттер туралы сөз қозғады. Аталған құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлықпен күреске бір кісідей атсалысып, өзінің барлық күш — жігерін, білімі мен тәжірибесін аянбауы қажет.
«Адалдық сағаты» барысында басқарма қызметкерлеріне парасаттылықтың негізгі қағидалары түсіндіріліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды жолдары атап өтілді.