Мемлекет Басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында берілген азаматтарға бір медициналық мекемеде оларға қажетті қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау үшін «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» проактивті сырттай мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасы қабылданып, Шымкент қаласында пилотты проактивті сырттай куәландыру 2021 жылғы 1 қарашасынан бастап іске қосылды.
01.01.2023 — 30.06.2023 жылдар аралығында Шымкент қаласының медициналық ұйымдары арқылы сырттай куәландыруға ЕХӘҚМ МОДҚ ақпараттық жүйесі арқылы бекітілген нозология бойынша 2886 науқасты жолдау қажет болатын. Алайда, қазіргі таңда 1858 науқастың медициналық-сараптамалық құжаттары жолданған. Оның ішінде, 196 науқастың құжаттары дұрыс ресімделмей кері қайтарылып, 1662 науқастың құжаттары проактивті сырттай куәландыруға жолданған.
МОДҚ АЖ –де сырттай және көзбе-көз 7005 науқас куәландырудан өтіп, оның ішінде сырттай куәландырылғандардың үлесі 23,7 пайызды құрайды. Республика бойынша 24,7 пайызды құрайды.
Проактивті сырттай куәландыру бойынша бірлескен бұйрыққа 2023 жылғы 12 сәуірінен бастап өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұл өзгерістер мен толықтырулар 2023 жылғы 12 мамырынан бастап күшіне енді. Аталған өзгерістер мен толықтырылуларға сәйкес қосымша 8 нозология бойынша (ерін, ауыз қуысы және жұтқыншақтық қатерлі ісігі — С00-14; Лериш синдромы және облитерирующий атеросклероз салдарынан болатын ампутациялық тұқылдары — I 74,0; психикалық аурулардық барлық түрлері – F00-99; Қант диабеті салдарынан болатын ампутациялық тұқылдары Е10-14; мукополисахаридоз — Е76; жұлын миының толық анатомиялық үзілісінен болатын төменгі параплегия, тетраплегия S14.1; S24.1; S34,1; Бауыр циррозының (по Чайлда-Пью, класс С) ауыр түрлері – К74; Паркинсон ауруы – G20) науқастарға қосымша сырттай проактивті қызмет көрсетілуде.