Шымкенттегі ХҚКО төтенше жағдайға байланысты 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық жағдай жасалуда. Халықпен тікелей жұмыс жүргізетін 1мың маман бюджет есебінен 16 қабатты мың дана медициналық маскамен және залалсыздандыру сұйықтықтарымен қамтылды.
Сонымен қатар Қызмет көрсету орталықтары дене қызуын алыстан бақылайтын құралмен және медициналық трек пунктпен жабдықталды.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бюджетінің есебінен құқық қорғау, темір жол және жұмыспен қамту сынды бірнеше мекеме қызметкерлері індеттің алдын алу құралдарымен қамтамасыз етілді.