Түркістан қаласында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп, нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алуға бағытталған семинар-тренинг өткізді. Оған ҚР Ішкі істер министрлігінен басшылар, республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының мамандары мен жастар қатысты.

Аталған іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының «Жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу» жобасын іске асыру бойынша ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – жастар арасында нашақорлықтың, синтетикалық есірткінің таралуы мен қолданылуының алдын алу.

Жобаны іске асыру 2022 жылғы сәуірде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қарағанды және Түркістан облыстарында басталды. Тренингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы полиция полковнигі Бақытжан Әмірханов, Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері, «Серғали-Түркістан» аймақтық-қоғамдық бірлестігі, ҚР ДСМ психикалық денсаулық республикалық ғылыми-практикалық орталығы «ШЖҚ РМК,» денсаулық сақтау ұйымдарын біріктіретін өңірлік профилактикалық бағдарламаларды іске асыру «CADCA» жобасына қатысушы өкілдер болды.

Оған қоса мемлекеттік басқару, үкіметтік емес сектор, жұртшылық және Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері ат салысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында: «Синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Соңғы үш жылда айналымнан алынатын «синтетика» көлемі 10 есе өсті. Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қолжетімді болуда. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы еш кедергісіз сатылады және тіпті үйге жеткізіледі. Осы аса қауіпті дерттің ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткілерді өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипатқа ие болуға тиіс» – деп атап өткен болатын.

Осының аясында тренингке қатысушылар алдында сөз сөйлеген полиция полковнигі Б.Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасымен жүргізіп жатқан шараларға тоқталып, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ есірткі құралдарын, оның ішінде «синтетикалық есірткіні» қолданудың жастарға зиянды әсерінің маңыздылығын атап өтті. Жиынға қатысушы жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алуға бағытталған қызметті үйлестіру бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Мамандар жастардың санасында денсаулық – адам үшін маңызды құндылық деген түсінікті нығайту және салауатты өмір салтын ұстануға деген тұрақты көзқарасты қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.