Биыл қаңтар-қазан аралығында жас немесе тоңазытылған ет өндірісі 59,1 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға артық, деп жазады.
Қараша айының қорытындысына сәйкес, бір жылда сиыр етінің бағасы 8%-ға өссе, жылқы еті 16,1%-ға, қой еті 12,4%-ға қымбаттады. Ал, шошқа етінің бағасы 13,4%-ға артты.
Жыл басынан бері жылқы етінің бағасы 15,2%-ға, шошқа еті мен қой еті 12,2%-ға, сиыр еті 8,4%-ға өсті.
2022 жылдың қараша айында шошқа еті айтарлықтай қымбаттады (1,6%). Жылқы еті – 1%-ға, сиыр еті мен қой етінің бағасы 0,4%-ға өсті.
Осылайша осы жылдың қараша айының қорытындысына сәйкес, жылқы етінің бағасы бір келі үшін – 2999 теңге, қой еті – 2673 теңге, сиыр еті – 2421 теңге, шошқа етінің келісі 2077 теңгені құрады.