Ағылшын елінде үлкен теннистен жылда өтетін төрт «Үлкен дулыға» жарыстарының бірі саналатын, ежелден келе жатқан «Уимблдон» турнирінде ерлерден швейцариялық Роджер Федеррер, әйелдер арасында америкалық Серена Ульямс финалға шықты.
Жастарды 38-ге келіп қалған теннисшілер әлі талай жастардың мысын басуға, үлкен жарыстарда дода бермеуге күштері жетеді екен. Қос аңыз теннисшінің спорттық мансабта жеткен жетістіктерін ауыз толтырып айтуға болады.
Р.Федеррер (1981ж.) — «маэстро» спорттық мансабында 130 миллион доллардың жүлдесін ұтқан. 20-дан астам «Үлкен дулыға» турнирі, «Дэвис Кубогі, 110-ға жуық ATP жарыстарының жеңімпазы. Олимпиада чемпионы. Төрт «Үлкен дулығаның» кубоктері бар. Әлемдік эксперттер, теннисшілер, жаттықтырушылар мен жәнкүйерлер арасында теннис тарихында ең үздік деп айтылады.
Екі бала, екі қыздың әкесі (егіздер). Бойы — 185 см, салмағы — 85кг.
С.Ульямс (1981ж.) — спорттық мансабында 100 миллион доллардың жүлдесін қанжығасына байлаған. WTA мен «Үлкен дулыға» (жұптық жетістіктерін қосқанда) жарыстарының 90-ға жуық жеңімпазы атанған. Үш дүркін Олимпиада Чемпионы, Федерация Кубогі мен Хопман Кубогін жеңіп алған. Төрт «Үлкен дулығаның» кубоктері бар. Атақты әпкесі Венус Ульямстың да (жасы 40) жеткен жетістігі аз емес.
Серена, бір қыздың анасы. Бойы — 175 см, салмағы — 72 кг.