Бүгін Шымкент қаласы «Көрме» орталығында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтіп, өтініш білдіруші тұрғындар мәселесі тыңдалды.
Тұрғындарды толғандырған мәселелердің маңызды бөлігі елді мекендердегі ауыз су, табиғи газбен қамту, жарықтандыру, кәріз жүйелерін орнату, қатты тұрмыстық
қалдықтарды тазарту және әлеуметтік қолдау көрсету алға тартылды.
Қабылдау барысында шағын аудандар бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға жауапты мердігер мекемеге тапсырма беріліп, бүгіннен кешіктірілмей толық ретке келтіру тапсырылды.
Сондай-ақ, балалар ойын алаңшасының құрылыс жұмыстарын жеделдету бойынша мердігер мекемеге тапсырма беріліп, ағымдағы айда толық аяқтап тұрғындарға пайдалануға беру қажеттігі ескертілді.
Жиі көтерілетін мәселелердің бірі — халыққа әлеуметтік көмек көрсету.
Жалпы бүгінгі қабылдау қорытындысына сәйкес 200-ден астам қала тұрғыны қабылданды. Оның ішінде бірқатар мәселе дереу шешімін тапса, енді бір мәселелер шешу жоспарына қойылды. Ал, қалған өзекті сұрақтардың шешімін табу бойынша тиісті жұмыстар құзырлы мекемелермен бірлесіп атқарылатын болады.
Көтерілген барлық мәселе қала әкімінің тікелей бақылауында болады. Бірде-бір өтінішті ескерусіз қалдырмау, жауаптыларға дер кезінде нақты шешім қабылдау қажеттігі әр өткізілген азаматтарды бірыңғай қабылдау күнінде жауапты басшыларға жеткізіледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі