ШЫМКЕНТ: ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қыс ауасы Шымқалада басқа облыстарға қарағанда қысқа уақытта өтеді. Оңтүстік өңірдің жылы ауа-райы барлық жұртшылыққа таныс. Алайда қыстың да өз орны бар. Жаңбыр аралас қар жиі жауып, көшелер шылқылдап, тұрғындардың кейде мазасын алады. Биылғы қысқа дайындық та бар. Жаңа 20 арнайы техника сатып алынған екен.

Қаланың қысқы маусымға дайындығы тағы бір пысықталып, арнайы жол техникасы тексерістен өткен. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов келіп, жауапты мекемелердің қысқа əзірлік жұмыстарымен танысып шықты.

Шымкентте қазіргі таңда тазалық жұмыстарымен айналысатын 4 мекеме бар: “ЛТД Тұрмыс”, “Югдорсервис”, “Бəйтерек ЛБ” жəне “Нұртас сервис”. Техникалардың жалпы саны – 151. Оның ішінде сүргіштер, грейдерлер, самосвалдар, бульдозерлер және т.б. техникалар бар. Жауапты мамандар осы техникалардың көмегімен шаһардағы жалпы ұзындығы 1292 шақырымдық 225 көшені тазалайды. Ал жұмысшылар саны – 1197.

(Фото Серік Қосаев)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған