Бүгінде Темірлан тас жолы бойындағы Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылып отыр.
Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын тексерді. Жер асты өткелінің құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланып отыр.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға жұмыс қарқынын күшейтіп, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды.
Шымкент қаласы аумағында жалпы 36 базар жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап 19, мамандандырылған 17 базар бар.
Бірқатар қала базарларының құрылысы ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, яғни базарларды жаңғыртуды қажет етеді. Сондықтан бұл талаптарға сәйкес 19 базар қайта құрылымдалу керек.
Оның ішінде 12 нысан — Бекжан, Шымкент Тұлпар, Исатай (Алатау), Акбар, «Иманалиев» мал базары, Барыс, Жабық базар, Көктем, Жібек Жолы, Жаңа шахар, Назым апа, Көмеш бұлақ базары реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталды.
Ал «Авто Нұр», «Орталық қырғы базар», «Алаш», «Айна», «Самал» базарларына модернизациялау жұмыстары жүргізіліп, сауда қатарларының қызметін ұйымдастыру, сауда базарының аумағын күтіп-ұстау, оны жабдықтау және жарақтандыру талаптарға сәйкестендірілуде.
Шымкент қаласының әкімінің баспасөз қызметі