Шымкент қаласында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ» атты игі бастамасына қатысып, үйлерінде отырып, дұға жасалды.
Бас мүфтидің игі бастамасына Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев, найб имам Мұхамеджан Естеміров, Абай Қамбар, Бекайдар Әміре, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Абай аудандық мешіттің бас имамы Исмаил Панов, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев пен «Жастар» секторының мүшесі Анарғали Керімбеков және Iman.kz сайтының жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы т.б. қала тұрғындары, белсенбі еріктілер қатысып, бір мезетте дұға жасалды.
Осы игі шара аясында Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінде «Сovid-2019» жұқпалы індетінен тезірек айғып, елдің амандығын тілеп Алла жолында нәзір құрбандық шалынды.