Орынтай Сейдалиев атындағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғмдық бірлестіктің төрағасы Айжан Сейдалиеваның мәліметінше, қазіргі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа Заң жобасы әзірленуде.
Қоғамдық бірлестікке келіп түсетін арыз-шағымның басым бөлігі: жиһаз, авто-салон, шаштараз және т.б. Аталған арыз-шағымдар бойынша сот процесі ұзық жүргізіледі. Сол себепті біз мәжіліске соттың шешімін қысқартуға ұсыныс бердік. Тұтынушылар қоғамдық бірлестік арқылы сотқа беретін болса мемлекеттік баж салғынан босатылады.
Айта кетейік, «Сапалы өнім» тұжырымдамасын іске асыру аясында Шымкент қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында және нормативтік бұзушылықтардағы құқықтар, жосықсыз бәсекелестікті анықтау үшін осы жылы қаламызда ситуциялық штаб құрылып отыр. Оның құрамында Шымкент қаласының тұтынушылардың құқытарын қорғау департаменті, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Техникалық реттеу және метрология департаменті және Қоғамдық бкрлестіктер бар.
Қазіргі таңда «О.Сейдалиев атындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын» қоғамдық бірлестіктің өндірісіңде келесі шағымдар қарастырылуда:
1. Жиһаз дүкендерге сапасыз тауар жөнінде Шымкент қаласы азаматтық істері жөнінде ауданаралық сотында қаралып жатыр, талап арыз сомасы 405 000 теңге;
2. Шаштараз қызметіне шағым тараптар арасында қоғамдық бірлестікпен сауда және Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментпен бірлесіп келісім жасалынды;
3. Автосалондағы қосымша қызметтер сатып алуға міндеттеу және сапасыз автокөлік сатып алу жөнінде талап арыз Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында қаралып жатыр, талап арыз сомасы 8 300 000 теңге;
4. Сақтандыру компаниясына шағым ҚР сақтандыру омбудсман институтына арыз жіберілді, шағым сомасы 11 000 000 теңге;
5. Құрылыс компаниясына уақытында үйді тапсырмағаны үшін шағым бойынша Шымкент қаласы азаматтық істері жөнінде ауданаралық сотында қаралып жатыр, талап арыз сомасы 2 000 000 теңге;
6. Кірпіш зауытына шағым қаралып сот шешімімен 2 700 000 теңге тұтынушы пайдасына өндірілді.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.