Коронавирустың қаупіне байланысты көптеген ірі спорттық іс-шаралар әлемде кейінге қалдырылуда. Тіпті, Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарының өзі болмайтын сияқты.
Әлемге танымал UFC тұжырымының бірқатар турнирлері де болмайтын болды. Ең жықын күндері Бразилия елінде өтуі тиіс төбелестерді ел Президенті тоқтатуды тапсырды. Бұл елдің билік өкілдерімен UFC басшылығы келесімге келуге тырысып көрмек.
Ал, Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жекті миллиондаған жанкүйерлер күтіп жүргені жасырын емес. Бұл турнир да болмай қалу қаупінде тұр. Бір қызығы, екі спортшының арасындағы төбелес 2015 жылы алғаш рет ұйымдастырылған болатын. Алайда түрлі себептермен, бүгінгі күнге дейін кездесулері бесінші рет кейінге қалған. Екі спортшының кездесулері кейінге қала берсе, екеуара мықтыны мансаптарының соңына дейін анықтай алмай кетуі әбден мүмкін.
Хабиб пен Тони арасындағы кездесу — 18 сәуір күні, Бруклинде өтуі тиіс.