Респбулика бойынша «Мектепке жол» игі акциясы үлкен қуаныштардың шыңына жетіп жүр. Түркістан облысына осы игілік акциясына жарыса жақсылық жасау жалғасып келеді. Биылғы оқу жылының дайындығы Елбасының бастамасымен Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясымен басталды.
Осы орайда, NurOtan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаевтың басшылығымен балаларға қуаныш сыйлаған ауқымды іс-шара өтті.
NurOtan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаевтың сөйлеген сөзінен:
«Қайырлы күн, қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата — аналар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қош келіпсіздер!
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Оның ішінде балаларға қуаныш сыйлау бәрімізге ерекше болмақ…
Республикалық деңгейде жүргізіліп жатқан «Мектепке жол» акциясына қатысып, балаларға жүректерінің жылуын сыйлап, қол ұшын берер азаматтарымызға алғысымыз шексіз».