Жалпы қаланың жол инфрақұрылымын дамытып, сапасын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Бүгінде атқарылып жатқан жол құрылыстары аталған іс-шара аясында іске асырылуда.

Нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы жыл соңында 71,2 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.

Қазір кешенді іс шара аясында Еңбекші ауданына қарасты Елтай тұрғын алабындағы көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын Еліксай, Саяқ (Жаңару), Нұрлысай, Қаратас, Ақмоншақ, Нұрсая, Балауса көшелеріне асфальтбетон жабындысының бірінші қабаты төселуде. Орташа жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Елтай тұрғын алабының жолдары 100% пайызға асфальт болады.

Бүгінде жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында қала аумағында 243 нысан, яғни 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректеріне сәйкес, еліміздің автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 25 мың км қашықтықты, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 71 мың км қашықтықты құрайды.

Нормативтік талаптарға сәйкес, 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың үлесін 100%-ға, жергілікті жолдардың үлесін 95%-ға дейін жеткізу көзделген.

Еңбекші ауданы — Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1932 жылы құрылған.

Еңбекші ауданы аумағында 23 шағын аудан («Солтүстік», «Шығыс», «Азат», «Сайрам», «Шапағат», «Ұлағат» бұрынғы Пахтакор, 18, 16, 17, 11, 12, т.б.) ықшам аудан бар. .), 336 өткелдер, көшелер мен даңғылдар (Рысқұлов, Сайрам, Жібек-Жолы, ​​Түркістан, Тәуке-хан даңғылы, т.б.)

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.