Мәжіліс депутаттары Білім және ғылым министрлігінен ағылшын тілін білмейтін мұғалімдерге үстемақы төлеуді алып тастауды талап етіп отыр. Бұл туралы «Sputnik Қазақстан» мәлімдеп отыр.
Жақында өткен мәжілісте үкімет пен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері мәлім болды. Депутат Жәмила Нұрмамбетова мектептерде үштілділікке көшу мақсатында, мұғалімдерге ағылшын тілін оқыту мәселесіндегі жағдайларыды да көтерді.
«Үкіметтің есебіне сәйкес, 2018 жылы тілдік курстан өткені туралы сертификат алған 6740 мұғалімге үстемақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 1,6 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. 6740 мұғалімнің бәрі B және одан жоғары деңгейдегі сертификат алған. Алайда олардың тек 818-і ғана, бұл нәбәрі 12 процент, сабақты толығымен ағылшын тілінде беріп жүр. Ал қалған 5922 педагог тек жарым-жартылай ғана, яғни сабақтың тек жекелеген элементтері ғана ағылшынша өтеді. Бірақ, осы екі санаттағы мұғалімдер айына бірдей үстемақы – 35 394 теңге алады», – деді, депутат.
Нұрмамбетованың айтуынша, қолдарында сертификаты бар мұғалімдердің дені ағылшын тілін жетік меңгермеге, сол себептен сабақты бастан-аяқ ағылшын тілінде өткізе алмай отырмыз.
«Ең қызығы, мұны ешкім проблема ретінде қарастырып отырған жоқ, тіпті мұғалімдердің өзі. Осыдан кейін үстемақы алудың жалғыз критерийі білім сапасы емес, сертификат қана ма деп қаласың. Осыған байланысты айтыңызшы, ағылшын тілін әртүрлі деңгейде оқытатын мұғалімдер неге бірдей ақша алады?» – деп, Білім және ғылым министріне Ж.Нұрмамбетова осылай сұрақ қойған болатын.
Қазіргі таңда, мектептерде пәндерді ағылшын тілінде оқытуға қатысты көп мәселе туындап отыр. Ағылшын тілінде оқыту, тым құрығанда, екі шартты орындаған кезде басталуы тиіс еді. Біріншісі – мұғалімдер дайын болған кезде, екіншісі оқушылардың дайындық деңгейі жеткілікті болғанда. Сол себепті биыл 352 мектепте ғана пәндер толығымен ағылшын тілінде сабақ өте алады.
Бірден үстемақыны барлығына бірдей төлеу туралы шешім қабылдау үлкен қателік деуге болады. Сондықтан біз қазір үстемақыны кімге қанша төлеу керек екенін анықтап, талқылап жатырмыз. Министірдің өз бұл жағдайды түсініп, біліп отырған жайы бар.
«Мұның талқылайтын несі бар? Сіздер талқылап жатқанда, 1,6 миллиард теңге төленіп қойды», – деді Нығматулин.
«Мен түсінемін. Бірақ шешім қабылданып қойғандықтан оқу жылының ортасында тоқтата алмадық», – деп, ақталып отыр Шәмшидинова.
Министрдің жауабы Нығматулиннің ашуын тудырса керек, мәжіліс төрағасы ведомствоның жұмысын сынға алды.
«Сіздер тіл білгені үшін емес, сертификат деп аталатын А4 форматындағы қағаз үшін ақша төлеп отырсыздар. Ашығын айтқанда, мұның бәрі не үшін жасалып жатқаны белгілі. Бұл стратегиялық жоспардың есебіндегі көрсеткіштерді жақсарту үшін қажет»,— деп кесіп айтты спикер.
Нығматулин министрліктің балалардың болашағына немқұрайлы қарауынан білім сапасы жыл сайын нашарлай беретінін де айтты. Халықтың үштілділікке үрке қарайтыны да осыдан болып тұр.
«Мектепте пәндерді ағылшын тілінде оқытпаңдар деп ешкім айтпайды. Бірақ мұны есеп үшін емес, дұрыс, ақылға салып істеу керек. Оқушылар мен ата-аналар бұдан хабарсыз деп ойлайсыздар ма? Міне, осыдан кейін олар бізге баға береді. Тәртіп орнатыңыз.» деп, талап етті спикер.